Қауымдық сервитутін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексін және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету ережесін басшылыққа ала отырып, 2025 жылғы 15 тамыздағы «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту туралы № 670 өтініші негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округі аумағынан нысаналы мақсаты талшықты - оптикалық кабель құрылысы үшін көлемі 0,6657 гектар жер учаскесін «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне экспликацияға сәйкес бөтен жер учаскелерінің шектеулі жер пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) 49 жылға уақытша ұзақ мерзімге өтеулі негізде жер пайдалану құқығы белгіленсін.
2. Қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер учаскесін жалға алу туралы келісім шарты жасалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Уалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі
М. Токжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.