Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қаңтар 2026 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 7-бабының 4-тармағына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Тимирязев ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1) Есіл, Ленин және Целинный ауылдық округтері таратылсын;

    2) осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің 1-қосымшасы на сәйкес құрамына жалпы ауданы 19480 гектар таратылатын Есіл ауылдық округінің аумағын, оның ішінде Есіл ауылын қоса отырып, Ақсуат ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін;

    Ақсуат ауылдық округі шекарасының жалпы ауданы 35499 гектар болып белгіленсін;

    3) осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің 2-қосымшасы на сәйкес құрамына жалпы ауданы 29061 гектар таратылатын Ленин ауылдық округінің аумағын, оның ішінде Ленин ауылын қоса отырып, Мичурин ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін;

    Мичурин ауылдық округі шекарасының жалпы ауданы 54587 гектар болып белгіленсін;

    4) осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің 3-қосымшасы на сәйкес құрамына жалпы ауданы 33270 гектар таратылатын Целинный ауылдық округінің аумағын, оның ішінде Целинный ауылын қоса отырып, Хмельницкий ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін;

    Хмельницкий ауылдық округі шекарасының жалпы ауданы 55271 гектар болып белгіленсін.

    2. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары облыстың және ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.

    3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» және «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешіміне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

    2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды.

    4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

    5. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы

    М. Тасмағанбетов

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы

    С.Сұрағанова

    Бірлескен

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

    2026 жылғы 23 қаңтардағы

    № 9 қаулысы мен

    Солтүстік Қазақстан облыстық

    мәслихаттың

    2026 жылғы 23 қаңтардағы

    № 33/1 шешіміне

    1-қосымша

    Ақсуат ауылдық округі шекараларының схемалық картасы (масштаб 1:250000)

    Ақсуат ауылдық округінің жалпы аумағы 35 499 гектарды құрайды, оның ішінде Есіл ауылдық округінің жерлері – 19 480 гектар.

    Бірлескен

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

    2026 жылғы 23 қаңтардағы

    № 9 қаулысы мен

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың

    2026 жылғы 23 қаңтардағы

    № 33/1 шешіміне

    2-қосымша

    Мичурин ауылдық округі шекараларының схемалық картасы (масштаб 1:250000)

    Мичурин ауылдық округінің жалпы аумағы 54 587 гектарды құрайды, оның ішінде Ленин ауылдық округінің жерлері – 29 061 гектар.

    Бірлескен

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

    2026 жылғы 23 қаңтардағы

    № 9 қаулысы мен

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың

    2026 жылғы 23 қаңтардағы

    № 33/1 шешіміне

    3-қосымша

    Хмельницкий ауылдық округі шекараларының схемалық картасы (масштаб 1:250000)

    Хмельницкий ауылдық округінің жалпы аумағы 55 271 гектарды құрайды, оның ішінде Целинный ауылдық округінің жерлері – 33 270 гектар.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.