«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 39-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 1202 «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оның құрылымынан үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелерін бөлу жолымен «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру үшін қайта ұйымдастырылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
3. Жаңадан құрылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының 2-қосымшасы на сәйкес бекітілсін.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді;
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені мемлекеттік тіркеуді;
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі
М. Мұхамедияров
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аданы әкімдігінің
2026 жылғы «21» қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылдық округі, Явленка ауылы, көшесі А.Иманов, құрылыс 78А, пошта индексі 150500.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сінің ведомстволары бар:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылдық округі, Явленка ауылы, көшесі А.Иманов, құрылыс 78А, пошта индексі 150500.
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылдық округі, Явленка ауылы, көшесі А.Иманов, құрылыс 78А, пошта индексі 150500.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі.
7. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде болуға құқығы бар.
8. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңмен белгіленген тәртіпте «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі кәсіпкерлік субъектілермен мекеменің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындауға қатысты шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндетері:
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси сенімдеріне, дінге деген көзқарасына және еңбек бостандығы құқығын іске асырудың кез келген өзге мән-жайларына және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;
үздіксіз біліктілік пен кәсіби деңгейді арттыру;
бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың қолданылуы жөнінде түсініктемелер беру;
өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.
2) міндеттері:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
коммуналдық мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарларын бекіту;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Қызметтері:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
2) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік қаражаттарға қажеттілікті болжау және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және республикалық және жергілікті бюджет есебінен өзге де әлеуметтік көмекті көрсету;
6) еңбек нарығын талдау және болжау, аудандағы еңбек нарығының жағдайы туралы халықты және жергілікті атқарушы органдарды ақпараттандыру;
7) қызметкерлерді жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қаупі бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;
8) аудандағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және ауданның, жергілікті атқарушы органын хабардар ету;
9) ауданның жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізу;
10) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
11) ұлттық жобалар, ауданның даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
12) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданда жұмыс орындарын құруды қолдау;
13) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша семинарлар, сондай-ақ бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
14) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
15) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, олардың қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметі;
17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну;
18) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
19) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
20) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтер көрсету бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
21) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
22) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
23) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
24) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаториялық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
25) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
26) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшіні, жеке бағдарламаға сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
28) Отбасын қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру;
29) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысын ұйымдастыру;
30) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;
31) «Пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру», «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» әлеуметтік жобасының іске асырылуын бақылау;
32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудандардың (аудандық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің басшылығын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметін жүзеге асыруға жеке жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.
17. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің бірінші басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының орынбасары бар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сінің бірінші басшысының өкілеттігі:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі басшысы орынбасарының, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
заңнамаға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;
өз құзыреті шегінде, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорлары орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады;
әкімшісі болып табылатын төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын растайды;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сінің атынан мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда өкілдік етеді;
коммуналдық мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың қабылдауын жүргізеді;
коммуналдық мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды, ол үшін дербес жауапкершілік белгіленеді;
өз өкілеттіктеріне сәйкес басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасары жүзеге асырады.
20. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарының өкілеттігін айқындайды.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі
21. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сінің заңнамамен көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ мүлкі оған меншік иесімен тапсырылған мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.
22. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгелер қарастырылмаса, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оларға басқа тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
24. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 21 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3294 болып тіркелген), сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Орталық Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 10 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына сәйкес құрылды.
4. Орталықтың құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі болып табылады.
5. Орталықтың мүлкіне қатысты мемлекеттік (коммуналдық) меншік субъектісінің құқықтарын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі жүзеге асырады.
6. Орталықты басқаруды жүзеге асыратын орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы).
7. Орталықтың атауы:
мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Центр оказания специальных социальных услуг» коммунального государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Есильского района Северо-Казахстанской области».
Орталықтың орналасқан жері: Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылдық округі, Явленка ауылы, көшесі А.Иманов, құрылыс 78А, пошта индексі 150500.
2. Орталықтың құқықтық мәртебесі
8. Орталық мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
9. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы көрсетілген мөрі болады.
10. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа заңды тұлғаны құруға немесе оның құрылтайшысы (қатысушысы) болуға құқылы емес.
11. Орталық өз міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі қаржылық қаражаттармен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікті тиісті бюджеттің қаражаты есебінен әкімшілік-аумақтық бірлік көтереді.
12. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
13. Орталық қызметінің мәні – өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
14. Орталықтың мақсаты – бөгде күтім мен көмекті қажет ететін жалғыз басты қарт, еңбекке қабілетсіз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
15. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) тұрғылықты жері бойынша, күндізгі уақытта үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін келесі санаттағы азаматтарға (бұдан әрі – қызмет алушылар) көрсету:
бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектігі бар балаларға;
бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;
он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға;
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
қарттығына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын адамдарға;
2) әлеуметтік көмекке мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау;
4) үйде қызмет көрсету ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де қызметтер.
16. Орталық осы Ережеде бекітілген қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасауға құқылы емес.
17. Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы жасалған, не басшының құзыретін бұза отырып жасалған мәміле мемлекеттік басқару органының немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Орталықты басқару
18. Орталықты жалпы басқаруды мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.
Орталықтың құрылтайшысы:
1) Орталыққа мүлікті бекітіп береді;
2) Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
3) Орталықтың Ережесін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
4) шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған немесе берілген мүлікті алып қоюға не қайта бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді.
19. Мемлекеттік басқару органы:
1) Орталықтың қаржыландыру жоспарларын қарайды, келіседі және бекітеді;
2) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттік мерзімін айқындайды;
3) Орталықтың құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;
4) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Орталықтың директоры Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік басқару органы тарапынан қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. Орталықтың директоры Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік басқару органына тікелей бағынады және жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
22. Орталықтың директоры қаржы-шаруашылық қызметі, қаржы қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалану және мүліктің сақталуы үшін жеке жауапкершілікке ие.
23. Орталықтың директоры дара басшылық қағидаты негізінде әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде барлық мәселелерді дербес шешеді.
24. Орталықтың жарғылық емес қызметін жүзеге асыруға бағытталған басшының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік әрі материалдық жауапкершілікке әкеп соғады.
25. Орталықтың директоры заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) сенімхатсыз Орталық атынан әрекет етеді және оның мүддесін білдіреді;
2) шарттар жасасады;
3) қызметкерлердің жеке жылдық жұмыс жоспарларын бекітеді;
4) Орталықтың іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
5) сенімхаттар береді;
6) банктік шоттар ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
8) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) қызметкерлерді көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
10) ішкі еңбек тәртібі қағидаларын бекітеді;
11) қызметкерлердің міндеттерін айқындайды;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды;
13) мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
14) заңнамада және осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Орталық мүлкін қалыптастыру тәртібі
26. Орталықтың мүлкі оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтерінен тұрады және:
1) меншік иесі берген мүліктен;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады.
27. Орталық өзіне бекітілген немесе смета бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгеше түрде билік етуге құқылы емес.
28. Орталықтың қызметін қаржыландыру, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, тек жергілікті (аудандық) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
29. Орталық бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
30. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, алынған қаражат тиісті бюджетке аударылады, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңда көзделген салалардағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражатты қоспағанда.
31. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру мен ревизия тиісті саланың уәкілетті органы тарапынан заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Орталықтағы жұмыс тіртібі
32. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен айқындалады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімі бойынша енгізіледі және Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді.
8. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
34. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
35.Таратылған Орталықтың кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган арқылы, аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша қайта бөлінеді.
36. Таратылған Орталықтың ақшалай қаражаты, оның ішінде мүлкін өткізуден түскен қаражат, кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін тиісті бюджет кірісіне енгізіледі.
9. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
37. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.