«Меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылардың әскери тасымалдарды орындау және рәсімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 582 ҚБПҮ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қаңтар 2026 ж.

    «Меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылардың әскери тасымалдарды орындау және рәсімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 582 ҚБПҮ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылардың әскери тасымалдарды орындау және рәсімдеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16395 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі

    Н. Сауранбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Мемлекеттік күзет қызметі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.