Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қаңтар 2026 ж.

    Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі

    Н. Сауранбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бәсекелестікті қорғау

    және дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттiгiнің

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрі

    2026 жылғы 19 қаңтардағы

    № 7

    Бұйрығымен бекітілген

    Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (бұдан әрі – Тасымалдау қағидалары) сәйкес әзірленді.»;

    3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі.»;

    53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «53. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету елді мекен шегінде осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қолданыстағы қорытындысы негізінде мынадай санаттар бойынша есеппен жүзеге асырылады:

    1) бірінші топтағы мүгедек адамдар және екінші топтағы мүгедек адамдар болып табылатын жұмыс істейтіндерге айына кемінде жиырма бес сағат;

    2) мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне, білім беру ұйымдарында білім алушыларына айына кемінде жиырма бес сағат:

    бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

    кресло-арбамен қозғалатын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

    18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

    3) тізбеге сәйкес бағыттар бойынша мүгедектігі бар өзге адамдарға айына кемінде алты сағат.

    Мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметтерге көзделген сағат санын және бір сапар уақыты бойынша ұзақтығын ұлғайтуға осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жол беріледі.

    Мүгедектігі бар адамдар санатқа сәйкес пайдаланбаған сағаттар ағымдағы айда келесі айға ауыстырылмайды.

    Мүгедектігі бар адамды басқа санатқа ауыстыру ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскеннен немесе өтініш беруден кейін келесі айдың басынан бастап жүргізіледі.

    Мүгедек адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету мынадай мән жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады:

    мүгедектік тобының өзгеруі;

    тұрақты мекен-жайының тіркелуін өзгертуі;

    мүгедектігі бар адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты мекен-жайға кетуі немесе қайтыс болуы.»;

    2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен мемлекеттік сатып алу арқылы тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәртібі»;

    3 және 4-қосымша лар осы тізбеге 1 және 2-қосымша ларға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартында:

    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Осы Шартқа толықтырулар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 402-бабында көзделген тәртіппен жасалады және Шарттың ажырамас бөліктері болып табылады. Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған, уәкілетті өкілдер қол қойған және екі Тараптың да мөрімен (бар болса) куәландырылған толықтырулар Тараптар үшін жарамды және міндетті болып табылады.».

    3. «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау жеке және заңды тұлғалардың бір жолғы тапсырысы (өтінімі) бойынша жүзеге асырылады. Мұндай тасымалдауға: туристік, экскурсиялық, іс-шараларға қызмет көрсету, бір реттік, ұзақ мерзімге жатады.

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау белгілі бір кезең ішінде шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.»;

    76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «76. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін, тіркеуін жолаушылар автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына, ал маршруттардың аралық аялдама пункттерінде кондукторға (жүргiзушiге) тікелей автобусқа отырғызу кезінде, ол аялдама пунктінен жөнелтілгенге дейін, немесе жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы төлейді.

    Халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда маршруттары бойынша жол жүруге төлем жолаушылар агенттігі немесе жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы жүргізілуі мүмкін.

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін, автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ агенттік немесе электрондық билеттерді сататын ақпарат жүйесімен қабылданады және жолаушының жеке басын растайтын құжаттар түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысаны негізінде жүзеге асырады. Жолаушыларды отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын (ол болған кезде), билетті сату кезінде көзделген автокөлік құралына орын нөмірін және оның орналасуын тексеру жолымен жүзеге асырылады.»;

    150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «150. Өткізілген Конкурс нәтижелері бойынша Конкурсқа қатысушылардың балдарының жиынтық саны тең болған жағдайда, онда кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға дайындаушы зауыттан бейімделген автобустары және шағын автобустары бар, тасымалдау жүргiзiлетiн ең төменгi жол жүру тарифiн ұсынған тасымалдаушы артықшылыққа ие болады.»;

    202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «202. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жүзеге асырады.»;

    334, 335, 336, 337 және 338-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «334. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың алдыңғы және артқы жақтарында маршрут нөмірі көрсетіледі.

    Маршруттың нөмiрi шрифттiң биiктiгi кемінде 120 мм көрсетіледі. Жедел тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршрут нөмiрiнiң астында шрифттiң биiктiгi кемінде 60 мм қызыл түстi «Жедел» деген жазу көрсетіледі.

    335. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар және троллейбустардың оң жағында, салонның жолаушылар есiктерi бiрiнің жанында маршруттың нөмiрi мен мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қысқа сипаттамасы (аралық және соңғы аялдамалардың, маршрут өтетiн негiзгi көшелердiң, қоғамдық мәнi бар орындардың атауы) көрсетіледі.

    336. Қалааралық облысаралық және халықаралық маршруттардағы автобустар мен шағын автобустарда жол жүрудiң бастапқы, соңғы және iрi аралық пункттерi көрсетiлген алдыңғы және бүйiрлiк (оң жағында) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, ал қажет болған жағдайда басқа тiлдерде көрсеткішпен жабдықталады.

    337. Маршрут нөмірінің алдыңғы және артқы көрсеткіштері тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарықтандырылады.

    338. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автокөлiк құралдарының алдыңғы және артқы жақтарында «Тапсырыспен» деген жазу көрсетіледі.

    Жазу шрифт биiктiгi кемiнде 120 мм қара түспен көрсетіледі және тiк төртбұрышты қоршамаға салынады.»;

    2-1-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    6-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    4. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-9) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

    1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау және «Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23-9) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды, ол мыналарды:»;

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Тасымалдаушы автокөлік құралдарын пайдалану процесінде жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, сондай-ақ автокөлік құралдарының рейс алдындағы техникалық қарап тексеруден өтуін қамтамасыз етеді.»;

    мынадай мазмұндағы 11-2 тармақпен толықтырылсын:

    «11-2. Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді автомобильмен тасымалдау «Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.».

    5. «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларында:

    25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «25. Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.».

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрі

    2026 жылғы 19 қаңтардағы

    № 7

    Қазақстан Республикасы

    Көлік және коммуникация

    министрінің міндетін атқарушының,

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрінің және

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму министрінің

    міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына

    өзгерістер мен толықтыру

    енгізілетін кейбір

    бұйрықтарының тізбесіне

    1-қосымша

    Автомобиль көлігімен

    (инватакси) мүгедектігі бар

    адамдарды тасымалдау жөнінде

    қызметтер көрсету

    қағидаларына

    3-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған

    нысан

    Ұсынылады: жергілікті атқарушы органдар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

    Әкімшілік нысанның атауы: Инватакси қызметтерін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетудің маршруты туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): И3

    Кезеңділік: ай сайын

    Есепті кезең: 20 ____ жылғы __ ай

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: өнім берушілер

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі әрбір айдың 10-күніне дейін.

    ЖСН/БСН

    (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

    Жинау әдісі: электрондық

    Инватакси қызметтерін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетудің маршруты туралы ақпарат

    № р/с
    Ин­в­а­так­си са­па­ры­ның марш­ру­ты
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ға ин­в­а­так­си­мен қыз­мет көр­се­ту уа­қы­ты
    Ин­в­а­так­си­мен та­сы­мал­дау кү­ні (кү­ні, айы, жы­лы)
    Ба­стап­қы жө­нел­ту пунк­ті
    Соң­ғы ме­же­лі пунк­ті
    Ба­ға
    Ин­в­а­так­си­дің ке­лу уа­қы­ты, са­ғат / ми­нут
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ды отыр­ғы­зу уа­қы­ты, са­ғат / ми­нут
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ды тү­сі­ру уа­қы­ты, са­ғат / ми­нут
    Са­пар­дың жал­пы уа­қы­ты
    1
    2
    3
    ...
    Өнім берушінің ЭЦҚ _________________
    Мүгедектігі бар адамның ЭЦҚ ________________
    Атауы ______________________ Мекенжайы _______________________
    Телефон ______________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы _______________________________
    Орындаушы___________________________________ _______________
    тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
    ____________________________________________ _________________
    тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)_________________

    «Инватакси қызметтерін

    әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

    порталы арқылы көрсетудің маршруты

    туралы ақпарат»

    әкімшілік деректерді жинауға

    арналған нысанға қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Инватакси қызметтерін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы көрсетудің маршруты туралы ақпарат» (индекс – И3 айлық кезеңділік)

    Нысанның 1-бағанында инватаксимен тасымалдау күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі.

    Нысанның 2-бағанында бастапқы жөнелту пункті көрсетіледі.

    Нысанның 3-бағанында соңғы межелі пункті көрсетіледі.

    Нысанның 4-бағанында бағалау көрсетіледі.

    Нысанның 5-бағанында инватаксидің келу уақыты, сағат/минут көрсетіледі.

    Нысанның 6-бағанында мүгедектігі бар адамды отырғызу уақыты, сағат / минут көрсетіледі.

    Нысанның 7-бағанында мүгедектігі бар адамды түсіру уақыты, сағат/минут көрсетіледі.

    Нысанның 8-бағанында сапардың жалпы уақыты, сағат/минут көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Көлік және коммуникация

    министрінің міндетін атқарушының,

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрінің және

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму министрінің

    міндетін атқарушының кейбір

    бұйрықтарына өзгерістер

    мен толықтыру енгізілетін

    кейбір бұйрықтарының

    тізбесіне 2-қосымша

    Автомобиль көлігімен

    (инватакси) мүгедектігі бар

    адамдарды тасымалдау жөнінде

    қызметтер көрсету

    қағидаларына

    4-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған

    нысан

    Ұсынылады: жергілікті атқарушы органдар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

    Әкімшілік нысанның атауы: Инватакси қызметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес көрсетудің маршруты туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): И4

    Кезеңділік: ай сайын

    Есепті кезең: 20 ____ жылғы __ ай

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: инватакси қызметтерін көрсететін ұйымдар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі әрбір айдың 10-күніне дейін.

    ЖСН/БСН

    (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

    Жинау әдісі: электрондық

    Инватакси қызметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес көрсетудің маршруты туралы ақпарат

    № р/н
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам
    Ин­в­а­так­си са­па­ры­ның марш­ру­ты
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ға ин­в­а­так­си­мен қыз­мет көр­се­ту уа­қы­ты
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да оның бо­луы)
    Те­ле­фон нө­мі­рі
    Қо­лы
    Ба­стап­қы жө­нел­ту пунк­ті
    Соң­ғы ме­же­лі пунк­ті
    Ин­в­а­так­си­дің ке­лу уа­қы­ты, са­ғат / ми­нут
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ды отыр­ғы­зу уа­қы­ты, са­ғат / ми­нут
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ды тү­сі­ру уа­қы­ты, са­ғат / ми­нут
    1
    2
    3
    ...

    Жүргізуші _______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Жүргізушінің қолы ___________________

    Диспетчер __________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Диспетчердің қолы _____________________

    Атауы ______________________ Мекенжайы _______________________ Телефон ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _______________________________ Орындаушы___________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________________________ _________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)_________________

    «Инватакси қызметтерін

    Қазақстан Республикасының

    мемлекеттік сатып алу туралы

    заңнамасына сәйкес көрсетудің

    маршруты туралы ақпарат»

    әкімшілік деректерді жинауға

    арналған нысанға

    қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Инватакси қызметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес көрсетудің маршруты туралы ақпарат» (индекс – И4 айлық кезеңділік)

    Нысанның 1-бағанында тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда оның болуы) көрсетіледі.

    Нысанның 2-бағанында телефон номері көрсетіледі.

    Нысанның 3-бағанында қолы көрсетіледі.

    Нысанның 4-бағанында бастапқы жөнелту пункті көрсетіледі.

    Нысанның 5-бағанында соңғы межелі пункті көрсетіледі.

    Нысанның 6-бағанында инватаксидің келу уақыты, сағат/минут көрсетіледі.

    Нысанның 7-бағанында мүгедектігі бар адамды отырғызу уақыты, сағат / минут көрсетіледі.

    Нысанның 8-бағанында мүгедектігі бар адамды түсіру уақыты, сағат/минут көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Көлік және коммуникация

    министрінің міндетін атқарушының,

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрінің және

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму министрінің

    міндетін атқарушының кейбір

    бұйрықтарына өзгерістер

    мен толықтыру енгізілетін кейбір

    бұйрықтарының тізбесіне

    3-қосымша

    Республикалық маңызы

    бар қалаларды, астананы қоспағанда,

    автомобиль көлiгiмен

    жолаушылар мен багажды

    тасымалдау қағидаларына

    2-1-қосымша

    Нысан

    Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік, ауданаралық, қалааралық облысаралық автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған автобустардың қозғалыс кестесі

    Қа­ла­лық (ауыл­дық) ба­ғыт­та­ғы ав­то­бу­стар­дың қоз­ға­лыс кесте­сі
    № _______ _________________________ ____________________
    (ба­ғыт­тың ата­уы) (ап­та күн­де­рі)
    Ав­то­бу­стың шы­ғу кесте­сі­нің нө­мі­рі
    Ба­стап­қы / соң­ғы пункт
    Рейс
    Рейс
    Рейс
    Рейс
    Рейс
    Жос­пар­лы рей­стер­дің са­ны, бір­лік
    Жұ­мыс күн­нің ұз­ақ­тығы, са­ғат
    Парақтың сырт жағы Маршрут № ____ ____________________
    Марш­рут­тың жыл­да­ғы мау­сым­ды­лы­ғы
    Ес­керт­пе:
    Марш­рут­тың ап­та ішін­де­гі жұ­мыс ре­жи­мі
    Жұ­мыс күн­де­рін­де­гі ав­то­бу­стар са­ны, бір­лік
    Де­ма­лыс күн­де­рін­де­гі ав­то­бу­стар са­ны, бір­лік
    Марш­рут­тың ұзынды­ғы, ки­ло­метр
    Ай­на­лым­да­ғы рейс уа­қы­ты, ми­нут­пен
    Қоз­ға­лыс ара­лы­ғы, ми­нут
    Пай­да­ла­ну жыл­дамды­ғы, ки­ло­метр/са­ғат
    Қоз­ға­лыс ба­ғы­ты
    Аял­да­ма пункт­те­рі­нің ата­уы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    Ту­ра ба­ғыт­та
    Ке­рі ба­ғыт­та
    Қолы, күні
    Мөр орны (болған жағдайда)
    Ауда­ні­ші­лік ба­ғыт­та­ғы ав­то­бу­стар­дың қоз­ға­лыс кесте­сі
    № _______ _________________________ ____________________
    (ба­ғыт­тың ата­уы) (ап­та күн­де­рі)
    Ті­ке­лей ба­ғыт
    Ор­та­ша тех­ни­ка­лық жыл­дам­дық, кК / са­ғат
    Қоз­ға­лы­с­та­ғы уа­қыт, ми­нут
    Қа­шық­тық, ки­ло­метр
    Ел­ді ме­кен­дер­дің ата­уы
    Ке­лу
    Тұ­рақ
    Ке­ту
    Ке­лу
    Тұ­рақ
    Ке­ту
    Пунк­ті­лер ара­сын­да
    Ба­стап­қы пунк­ті­ден
    Кестенің жалғасы
    Ауда­ні­ші­лік ба­ғыт­та­ғы ав­то­бу­стар­дың қоз­ға­лыс кесте­сі № _______ _________________________ ____________________
    (ба­ғыт­тың ата­уы) (ап­та күн­де­рі)
    Ке­рі ба­ғыт
    Ке­лу
    Тұ­рақ
    Ке­ту
    Ке­лу
    Тұ­рақ
    Ке­ту
    Парақтың сырт жағы Маршрут № ______ ________________
    Марш­рут тү­рі
    Ес­керт­пе:
    Марш­рут­тың жыл­да­ғы мау­сым­ды­лы­ғы
    Марш­рут­тың ап­та ішін­де­гі жұ­мыс ре­жи­мі
    Ав­то­бу­стар са­ны, бір­лік
    Марш­рут­тың ұзынды­ғы, ки­ло­метр
    Ай­на­лым­да­ғы рейс уа­қы­ты, ми­нут­пен
    Қолы, күні
    Мөр орны (болған жағдайда)
    Ауда­на­ра­лық марш­рут ав­то­бу­ста­ры­ның қоз­ға­лыс кесте­сі № _______ _________________________ ____________________ (ба­ғыт­тың ата­уы) (ап­та күн­де­рі)
    Ті­ке­лей ба­ғыт
    Ор­та­ша тех­ни­ка­лық жыл­дам­дық, к кК/ са­ғат
    Қоз­ға­лы­с­та­ғы уа­қыт, ми­нут
    Қа­шық­тық, ки­ло­метр
    Ел­ді ме­кен­дер­дің ата­уы
    Ке­лу
    Тұ­рақ
    Ке­ту
    Ке­лу
    Тұ­рақ
    Ке­ту ие
    пунк­ті­лер ара­сын­да
    ба­стап­қы пункт­тен
    Кестенің жалғасы
    Ауда­на­ра­лық марш­рут ав­то­бу­ста­ры­ның қоз­ға­лыс кесте­сі № _______ _________________________ ____________________ (ба­ғыт­тың ата­уы) (ап­та күн­де­рі)
    Ке­рі ба­ғыт
    Ке­лу
    Тұ­рақ
    Ке­ту
    Ке­лу
    Тұ­рақ
    Ке­ту
    Парақтың сырт жағы Маршрут № ______ ___________________
    Марш­рут тү­рі
    Ес­керт­пе:
    Марш­рут­тың жыл­да­ғы мау­сым­ды­лы­ғы
    Марш­рут­тың ап­та ішін­де­гі жұ­мыс ре­жи­мі
    Ав­то­бу­стар са­ны, бір­лік
    Марш­рут­тың ұзынды­ғы, ки­ло­метр
    Ай­на­лым­да­ғы рейс уа­қы­ты, ми­нут­пен
    Қолы, күні
    Мөр орны (болған жағдайда)
    Қа­ла ма­ңы марш­ру­ты ав­то­бу­ста­ры­ның қоз­ға­лыс кесте­сі
    № _______ _________________________ ____________________
    (ба­ғыт­тың ата­уы) (ап­та күн­де­рі)
    Ав­то­бу­стар­дың шы­ғу кесте­сі­нің нө­мі­рі
    Ел­ді ме­кен­нің ата­уы
    Ба­стап­қы пункт­тен қа­шық­тық, ки­ло­метр
    Уа­қыт, ми­нут т
    Тех­ни­ка­лық жыл­дам­дық, ки­ло­метр /час
    Ке­ту уа­қы­ты
    Рейс
    Рейс
    Рейс
    Рейс
    Рейс
    Рейс
    Рейс
    Рейс
    1
    2
    3
    4
    5
    Кестенің жалғасы
    Қа­ла ма­ңы марш­ру­ты ав­то­бу­ста­ры­ның қоз­ға­лыс кесте­сі
    № _______ _________________________ ____________________
    (ба­ғыт­тың ата­уы) (ап­та күн­де­рі)
    Жос­пар­лы рей­стер са­ны, бір­лік
    Жал­ға­сты­ру жұ­мыс кү­ні­нің ұз­ақ­тығы, са­ғат
    Парақтың сырт жағы Маршрут№ ____ ________________________
    Марш­рут­тың жыл­да­ғы мау­сым­ды­лы­ғы
    Ес­кер­ту:
    Марш­рут­тың ап­та ішін­де­гі жұ­мыс ре­жи­мі
    Аял­да­ма пункт­те­рі­нің ата­уы ел­ді ме­кен­дер­де
    Жұ­мыс күн­де­рін­де­гі ав­то­бу­стар са­ны, бір­лік
    Де­ма­лыс күн­де­рін­де­гі ав­то­бу­стар са­ны, бір­лік
    Марш­рут­тың ұзынды­ғы, ки­ло­метр
    Ай­на­лым­да­ғы рейс уа­қы­ты, ми­нут­пен
    Қоз­ға­лыс ара­лы­ғы, ми­нут­пен
    Қолы, күні
    Мөр орны (болған жағдайда)
    Қа­ла­ара­лық об­лы­са­ра­лық ба­ғыт бой­ын­ша ав­то­бу­стар­дың неме­се ша­ғын ав­то­бу­стар­дың қоз­ға­лыс кесте­сі ____________________________ (марш­рут ата­уы)
    Ел­ді ме­кен­дер­дің (аял­да­ма­лар­дың) ата­уы
    Ал­ға ба­ғыт
    Тех­ни­ка­лық си­патта­ма­лар
    Қа­шық­тық, ки­ло­метр
    Ке­рі ба­ғыт
    ке­лу уа­қы­ты
    кө­лік тұ­ра­ғы уа­қы­ты
    жө­не­лу уа­қы­ты
    қоз­ға­лы­с­та­ғы уа­қыт са­ғат/ми­нут
    қоз­ға­лы­с­та­ғы жыл­дам­дық ки­ло­метр /са­ғат
    қа­шық­тық, ки­ло­метр
    ба­стап­қы пунк­ті­ден
    ке­лу уа­қы­ты
    кө­лік тұ­ра­ғы уа­қы­ты
    жө­не­лу уа­қы­ты
    Бір жылдағы маршруттың маусымдылығы ______________________
    (жыл бойы немесе маусымнан бастап _____ дейін _____)
    Маршруттың аптадағы жұмыс режимі _________________ (апта күндері немесе күнделікті)
    Жалпы жол жүрген уақыты ____________________________(сағат/минут)
    Пайдалану жылдамдығы* ____________________ (километр/сағат)
    Автобус класы ___________________________ (екінші немесе үшінші сынып)
    Ескертпе*:
    мұндағы – пайдалану жылдамдығы;
    S – тікелей және кері қашықтықтың қосындысы;
    – қозғалыстағы уақыт;
    – тікелей және кері бағыттағы тұрақ уақытының қосындысы.

    Қазақстан Республикасы

    Көлік және коммуникация

    министрінің міндетін атқарушының,

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрінің және

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму министрінің

    міндетін атқарушының

    кейбір бұйрықтарына өзгерістер

    мен толықтыру енгізілетін

    кейбір бұйрықтарының тізбесіне

    4-қосымша

    Республикалық маңызы

    бар қалаларды, астананы қоспағанда,

    автомобиль көлiгiмен

    жолаушылар мен багажды

    тасымалдау қағидаларына

    6-қосымша

    Нысан

    Конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

    Р/с
    Көрсеткіш
    Балдар саны
    Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан кем
    Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан 60 %-ға дейін
    Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 60 % -дан астам
    1.*
    Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі:
    5 жылға дейін
    +4
    +8
    +10
    5 жылдан 9 жылға дейін
    +3
    +2
    +1
    9 жылдан 12 жылға дейін
    +2
    +1
    +0,5
    12 жылдан артық
    0
    0
    0
    1.1
    Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
    +1 (әр бірлік үшін)
    1.2
    Сутегі отынмен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
    +3 (әр бірлік үшін)
    1.3
    Газмоторлы отынмен жұмыс істеуге дайындаушы зауыттан бейімделген автобустар, шағын автобустар болған жағдайда (қосымша)
    +5 (әр бірлік үшін)
    1.4
    Автобустар, шағын автобустар бар болған кезде:
    жеке меншікте
    +1,5 (әр бірлік үшін)
    тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған
    +1 (әр бірлік үшін)
    1.5
    Электрқозғалтқышы бар автобустар, шағын автобустар болған кезде
    +5 (әр бірлік үшін)
    2.
    Тасымалдаушының жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі (конкурс өткізілетін маршрут түрі бойынша):
    3 жылға дейін
    +1
    3 жылдан 8 жылға дейін
    +3
    8 жылдан астам
    +5
    3.
    Өндірістік-техникалық базаның болуы
    жеке
    жалға алынған
    шарт негізінде қызмет көрсету
    Өндірістік корпус:
    техникалық қызмет көрсету кешені (аймақ, учаске)
    +3
    +0,7
    +0,2
    Ағымдағы жөндеу кешені:
    посттар
    +3
    +0,7
    +0,2
    өндірістік учаскелер және цехтар
    +3
    +0,7
    +0,2
    Қойма үй-жайлары
    +1
    +0,5
    +0,2
    Автотұрақ, соның ішінде:
    ашық
    +1,5
    +0,7
    +0,3
    жабық
    +2,5
    +1
    +0,5
    Жинастыру-жуу кешені:
    қолмен жуу
    +0,7
    +0,5
    +0,2
    механикаландырылған жуу
    +1
    +0,7
    +0,5
    Бақылау-техникалық пункті
    +0,7
    +0,2
    +0,1
    Әкімшілік ғимарат (үй-жай)
    +0,3
    +0,1
    0
    Үй-жай немесе медпункт бөлмесі
    +0,5
    +0,3
    +0,2
    Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар
    +0,3
    +0,1
    0
    4.
    Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесі:
    резервті жылжымалы құрам жоқ, алмастыру іске асырылмайды
    -2
    резервті жылжымалы құрам бар
    +2
    5.
    Жолаушыларды тасымалдау жағдайын жақсартатын қосымша ұсыныстар:
    жол үстінде бейне сүйемелдеу мүмкіндігі
    +0,5 (әр бірлік үшін)
    кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға дайындаушы зауыттан бейімделген жылжымалы құрамның болуы
    +3 (әр бірлік үшін)
    тасымалдауды жүзеге асыруда автобуста нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесінің болуы
    +1 (әр бірлік үшін)
    Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
    Р/с №
    Көрсеткіш
    Балдар саны
    Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан кем
    Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан 60 %-ға дейін
    Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 60 %-дан астам
    1.*
    Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі:
    5 жылға дейін
    +4
    +8
    +10
    5 жылдан 9 жылға дейін
    +3
    +2
    +1
    9 жылдан 12 жылға дейін
    +2
    +1
    +0,5
    12 жылдан астам
    0
    0
    0
    1.1
    Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
    +1 (әр бірлік үшін)
    1.2
    Сутегі отынмен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)
    +3 (әр бірлік үшін)
    1.3
    Газмоторлы отынмен жұмыс істеуге дайындаушы зауыттан бейімделген автобустар, шағын автобустар болған жағдайда (қосымша)
    +5 (әр бірлік үшін)
    1.4
    Автобустар, шағын автобустар бар болған кезде: жеке меншікте
    +1,5 (әр бірлік үшін)
    тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған
    +1 (әр бірлік үшін)
    1.5
    Электрқозғалтқышы бар автобустар, шағын автобустар болған кезде
    +5 (әр бірлік үшін)
    2.
    Тасымалдаушының жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудағы жұмыс тәжірибесі:
    3 жылға дейін
    +1
    3 жылдан 8 жылға дейін
    +3
    8 жылдан астам
    +5
    3.
    Өндірістік-техникалық базаның болуы
    жеке
    жалға алынған
    шарт негізінде қызмет көрсету
    Өндірістік корпус:
    техникалық қызмет көрсету кешені (аймақ, учаске)
    +3
    +0,7
    +0,2
    Ағымдағы жөндеу кешені:
    посттар
    +3
    +0,7
    +0,2
    өндірістік учаскелер және цехтар
    +3
    +0,7
    +0,2
    Қойма үй-жайлары
    +2
    +0,3
    +0,1
    Автотұрақ, соның ішінде:
    ашық
    +1,5
    +0,7
    +0,3
    жабық
    +2,5
    +1
    +0,5
    Жинастыру-жуу кешені:
    қолмен жуу
    +0,7
    +0,5
    +0,2
    механикаландырылған жуу
    +1
    +0,7
    +0,5
    Бақылау-техникалық пункті
    +0,7
    +0,2
    +0,1
    Әкімшілік ғимарат (үй-жай)
    +0,3
    +0,1
    0
    Үй-жай немесе соның ішінде медпункт бөлмесі
    +0,5
    +0,3
    +0,2
    Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар
    +0,3
    +0,1
    0
    4.
    Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесі:
    резервті жылжымалы құрам жоқ, алмастыру іске асырылмайды
    -2
    резервті жылжымалы құрам бар
    +2
    5.
    Жолаушылар тасымалдарын жақсарту үшін қосымша ұсыныстар: аялдамаларды хабарлау және жолаушыларды хабарландыру тәсілі:
    магниттік жазба арқылы
    +1 (әр бірлік үшін)
    автобустық дауыс зорайтқыш жабдық арқылы
    +0,7 (әр бірлік үшін)
    кондуктор немесе жүргізуші хабарлайды
    +0,1 (әр бірлік үшін)
    кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға дайындаушы зауыттан бейімделген жылжымалы құрамның болуы
    +3 (әр бірлік үшін)
    тасымалдауды жүзеге асырған кезде автобуста (шағын автобуста) нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесінің болуы
    +1 (әр бірлік үшін)
    *Орташа балл пайдалану мерзімі бойынша әр автобусты (шағын автобусты) бағалау жолымен (резервті есептемегенде) шығарылады, олар бойынша балдар қосылады және автобустардың (шағын автобустардың) санына бөлінеді.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.