«Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қаңтар 2026 ж.

    «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20213 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларында:

    19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «19. Саны ЗЭШ-ден жоғары саяқ шегірткетектестердің қоныстану орындарына химиялық өңдеу жүргізуге арналған арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады:

    аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;

    жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;

    пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар;

    күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 750 гектар;

    күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 300 гектар;

    жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 70 гектар;

    барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;

    аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.»;

    26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «26. Саны ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестердің (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстану орындарына химиялық өңдеулер жүргізуге арналған арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде техниканың 1 бірлігіне мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады:

    аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;

    жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар;

    пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар;

    күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 750 гектар;

    күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 300 гектар;

    жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 70 гектар;

    барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;

    аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.».

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.