Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1439 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1439 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

    Мүгедектердi арнаулы жүру құралдарымен қамтамасыз етуге байланысты бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    "Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1439 қаулысына қосымшаға /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 34, 433-бап/ мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

         коды СЭҚ ТН 870322190-нан      "бұл да, арнаулы тұрғыдағы мүгекдектер үшiн***                   нөлдiк ставка бойынша"

    деген жолмен және мынадай мазмұндағы:

    "*** 1996 жылғы 1 наурыздан басталған кезеңде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен сатып алынған және бюджеттiк қаражаттардың есебiнен ұсталатын ұйымдар республикаға әкелген" ескертпемен толықтырылсын.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.