Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2001 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымша:
реттiк нөмiрi 14-жолдағы, 3-бағандағы "этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 27-жолдағы 3-бағандағы "Алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 34-жолдағы 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын, 3-баған мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру;
алкогольдi өнiмдердi сақтау және көтерме сату";
"Қазақстан Республикасында этил спиртi мен арақ импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 P971031_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):
3-тармақтың екiншi абзацындағы "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыға 2-6-қосымшаларға сәйкес белгiленген номенклатура бойынша тауарлардың экспорты мен импортына (этил спиртi мен арақтан басқа) лицензиялар берсiн.";
Мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi этил спирті мен арақтардың импортына лицензиялар берсін";
4-6-тармақтар тиiсiнше 5-7-тармақтар болып есептелсiн.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде;
"Негiзгi мiндеттерi" деген тарау мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. Алкогольдi өнiмдi өндiруге және оның айналымына мемлекеттiк бақылау";
20-63-тармақтар тиiсiнше 21-64-тармақтар болып есептелсiн;
көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрылымы" деген 1-қосымшада:
"Алкоголь өнiмiн өндiруге және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдар және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.