2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мойынқұм ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары М.Тулеулиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізіледі.
Аудан әкімі
Е. Карентаев
Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2026 жылғы « ___ » қаңтардағы № ___
қаулысының қосымшасы
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифтер
|
№
|
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің атауы
|
Қызмет түрлері
|
Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф
(теңгемен)
|
|
1
|
Үкіметтік емес ұйымдар
|
үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
|
2 682,45
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.