«Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қаңтар 2026 ж.

    «Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесінде:

    4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшаларымен толықтырылсын:

    «1-1) Шығыс Қазақстан облысындағы Кіші Үлбі өзеніндегі «Алтай» шағын гидроэлектр станциясы;

    1-2) Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Тентек өзеніндегі гидроэлектр станцияларының каскады;

    1-3) Жетісу облысындағы Көксу өзеніндегі гидроэлектр станцияларының каскады;

    1-4) Жетісу облысы Сарқан ауданындағы Лепсі өзеніндегі бөгет;

    1-5) Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзеніндегі шағын гидроэлектр станцияларының каскады;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.