Салық салу обьектісінің Т.Рысқұлов ауданының елді мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №254 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Салық салу обьектісінің Т.Рысқұлов ауданының елді мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №254 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4807 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Т.Рысқұлов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Т. Рысқұлов ауданы әкімі
Е. Есиркепов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.