«Индербор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қаңтар 2026 ж.

    «Индербор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІМ:

    1. «Индербор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 03 қыркүйектегі № 81 «Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» және 2025 жылғы 19 қарашадағы № 96 «Индербор кенті аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалысын бақылау кент әкімінің орынбасары К.Нуриевке жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Индербор кентінің әкімі

    Ш. Альмурзиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.