Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 256 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қаңтар 2026 ж.

    Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 256 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 қазандағы №256 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;  

    көрсетілген қаулының 15, 17, 18-қосымшаларының орыс тіліндегі нұсқалары осы қаулының қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.  

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Карсыбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.