Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

    "Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    1. Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

    2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Құзыреттi органдары мен пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша, кең таралғандарды қоса, Жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiлердi тiркеу жөнiндегi өкiлеттi органы болып белгiленсiн.

    3. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiнiң, мемлекеттiк тiркеу актiсi болмаса, күшi жоқ деп белгiленсiн.

    4. Қазақстан Республикасындағы Жер қойнауын пайдаланушылармен Контрактiлер жасасу және оны атқару жөнiндегi Қазақстан Республикасының Құзыреттi органдары Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiлердi тiркеудi қамтамасыз етсiн.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары

    Қазақстан Республикасы

    Үкiметiнiң

    1996 жылғы 15 шiлдедегi

    N 903 қаулысымен

    Бекiтiлген

    Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

    1. Осы Ереже жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзуге арналған Контрактiлердi (Контрактiге өзгертулердi, толықтыруларды) тiркеудiң бiрыңғай ережелерiн белгiлейдi.

    2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Құзыреттi органдары мен Жер қойнауын пайдаланушылар (Мердiгерлер) арасында жасалған Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiлердi тiркеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Өкiлеттi органы болып табылады.

    3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiлердi тiркеу бойынша (Тiркеу органдары) атқарушы органдарды айқындайды.

    4. Тiркеу органы тiркеген күннен бастап, егер Контрактiде күшiне енудiң өзгедей, анағұрлым кеш мерзiмдерi сөз етiлмесе, Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiлер заң күшiне ие болады.

    5. Құзыреттi орган Тiркеу органына мыналарды жолдайды:

          1-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi ұсыныс (Контрактiге өзгертулер мен толықтыруларды тiркеу үшiн - 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi ұсыныс);

          экологиялық, құқықтық, салықтық және экономикалық сараптамалардың қорытындыларымен бiрге Контрактi мен оның көшiрмесi.

          6. 5-тармақта көрсетiлген құжаттар берiлген сәттен бастап 10 жұмыс күнi мерзiмiнде Тiркеу органы:

          ұсынылған құжаттар пакеттерiнiң толықтығын тексеруге;

          Контракт ережелерiнiң Лицензия шарттарына сәйкестiгiн тексеруге;

          3-қосымшаға немесе 4-қосымшаға сәйкес Контракт Тараптарына Контрактiнi Мемлекеттiк тiркеу актiсiнiң белгiленген үлгiсiн (Жалпы таралған пайдалы қазбалар үшiн) беруге;

          реестрге Контрактiнi мемлекеттiк тiркеу актiсiн енгiзуге мiндеттi.

          7. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiге өзгертулердi (толықтыруларды) Құзырлы орган Тiркеу органында тiркеуге мiндеттi.

          8. Егер тараптардың келiсуi бойынша өзге, анағұрлым кеш мерзiмдер белгiленбесе, Тараптар Контрактiге енгiзген өзгертулер (толықтырулар) Тiркеу органындағы Контрактiнiң өзгертiлген (толықтырылған) мәтiнi мемлекеттiк тiркеуден өткiзген сәттен заң күшiне ие болады.

    9. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiге өзгертулердi (толықтыруларды) тiркеу тәртiбi Контрактiнi тiркеу тәртiбiмен бiрдей.

    10. Осы Ереженiң 5-тармағында санамаланған құжаттардың толық емес пакетi тiркеу үшiн ұсынылған кезде, тiркеу органы құжаттарды тiркеуге қабылдамайды.

    11. Контрактiнiң ережелерi Лицензияның шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Контракт тiркеуге алынбайды. Тiркеу органы тiркеудi орындаудан бас тартуды жазбаша түрде Лицензияның 10 күндiк мерзiмi бұзылғандығына мiндеттi түрде сiлтеме жасай отырып жүргiзедi.

                                              1-Қосымша

    Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсыныс

    _____________________қаласы  " "  ______________________199__ж.

    1.________________________________________________тiркеу органына

    ___________________________________________________________________

    2. Жер қойнауын пайдаланушы (Мердiгер)_____________________________

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    3. Лицензия сериясы _______ N ___________________________ берiлген

    ___________________________________________________________________

    берiлген күнi _____________________________________________________

    берiлген мақсаты __________________________________________________

    4. Экономикалық, экологиялық, құқықтық сараптамалардың

    қорытындылары______________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    Қазақстан Республикасының Құзыреттi органы жасаған ________________

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

                   Контрактiнiң толық атауы

    Контракт __________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    _______________________________________________тiркеуге ұсынылды

    жасалған күнi _____________________ N _____________________________

    Құзыреттi органның ресми өкiлi ____________________________________

                                          қызметi, аты-жөнi

                                                    2-Қосымша

    Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiге өзгертулердi (толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге ұсыныс

    ________________қаласы "  " _______________________________199__ж.

    1. _____________________________________________тiркеу органына

    ___________________________________________________________________

    2. Жер қойнауын пайдаланушы (Мердiгер) ____________________________

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    3. Лицензия сериясы ___ N __________________________________________

    __________________________________________________________ берiлген

    берiлген күнi _____________________________________________________

    берiлген мақсаты __________________________________________________

    4. Контракт сериясы _____ N _______________________________________

    ___________________________________________________________________

    _____________________________________________арасында жасалған

    жасалған күнi _____________________________________________________

    5. Экономикалық, экологиялық, құқықтық сараптамалардың

    қорытындылары______________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    Қазақстан Республикасының Құзыреттi органы ________________________

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

                      Контрактiнiң толық атауы

    __________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________

    _______________________________________________жасалған Контрактiнiң

    өзгертiлген мәтiнi тiркеуге ұсынылады______________________________

    ___________________________________________________________________

    жасалған күнi _____________________________________________________

    Құзыреттi органның ресми өкiлi ____________________________________

                                          қызметi, аты-жөнi

                                                   3-Қосымша

    Елтаңба Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiнi мемлекеттiк тiркеу

                                 Актiсi

    ___________________        " " ____________________________199__ж.

         Осы актiмен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан

    Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беретiн N___,

    _____________ сериялы лицензиясы негiзiнде жасалған _______________

    ___________________________________________________________________

                  Қазақстан Республикасының Құзыреттi органы

    және ______________________________________________________________

                 Жер қойнауын пайдаланушы (Мердiгер)

    арасындағы ________________________________________________________

                  Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операция түрi

    пайдалы қазбаға ___________________________________________________

    арналған Контракт тiркеледi.

         Тiркеу нөмiрi ______________

         Министр   ________________               ______________

                                                   4-Қосымша

    Елтаңба Қазақстан Республикасының Геология және Жер қойнауын қорғау министрлiгi

                       _____________________________

                         Тiркеу органының атауы

               Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды

              жүргiзуге арналған Контрактiнi мемлекеттiк тiркеу

                                 Актiсi

    __________________қаласы  " " ______________________________199__ж.

         Осы актiмен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан

    Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беретiн N___,

    _____________ сериялы лицензиясы негiзiнде жасалған _______________

    ___________________________________________________________________

                  Қазақстан Республикасының Құзыреттi органы

    және ______________________________________________________________

                 Жер қойнауын пайдаланушы (Мердiгер)

    арасындағы ________________________________________________________

                  Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi

    кең таралған пайдалы қазбаға ______________________________________

    арналған Контракт тiркеледi.

         Тiркеу нөмiрi ______________

          __________________________

           Тiркеу органының атауы

                                     Бастығы _____________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.