Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 19 қаңтар 2026 ж.
«Мәртөк ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қарашадағы № 155 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Мәртөк ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қарашадағы № 155 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654-04 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы
Т. Көлкебаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.