Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi туралы

    Жаңа
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 ақпан 2001 ж.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi туралы

    Мемлекеттiң мүдделерi мен ұлттық қауiпсiздiктi тиiмдi құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ орталық атқарушы органдарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету практикасын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Ұлттық заң агенттiгi жарғылық капиталына мемлекеттiң 100% қатысуымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы болып қайта құрылсын.

    2. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 302 қаулысымен.

    3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңда белгiленген тәртiппен:

    Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Ұлттық заң агенттiгiнiң балансындағы мүлiктi мемлекеттiң жарғысы ретiнде "Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi" акционерлiк қоғамының жарғылық қорына берсiн;

    Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бiр айлық мерзiм iшiнде қажеттi қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзсiн;

    он күндiк мерзiм iшiнде "Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi" акционерлiк қоғамының жарғысын бекiтсiн;

    Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне "Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi" акционерлiк қоғамының акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару жөнiнде өкiлеттiк берсiн.

    4. Мыналардың:

    "Ұлттық заң агенттiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 12 қаңтардағы N 60 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 4, 36-құжат);

    "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жанындағы Ұлттық заң агенттiгi туралы ереженi бекiту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 сәуiрдегi N 379 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 110-құжат)";

    "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бюджеттiк ұйымдарға (мекемелерге) құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету үшiн жеке және заңды тұлғаларды тарту тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 923 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 214-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.