«Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қаңтар 2026 ж.

    «Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20288 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1) көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2) көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    3) көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрлігі

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2026 жылғы 21 қаңтардағы

    № 32 бұйрығына

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    Бірінші орынбасары –

    Қаржы министрінің

    2020 жылғы 1 сәуірдегі

    № 341 Бұйрығына

    1-қосымша

    нысан

    Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама

    20__ жылғы «___» ________
    № ______________
    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік
    кодекс) 256-бабы 2-тармағына сәйкес

    _____________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

    Сізге ___________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

    _____________________________________________________________________ құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты) немесе

    _____________________________________________________________________ төлеушінің толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

    _____________________________________________________________________ заңды мекен-жайы)

    20__ жылғы «__» _______ жағдай бойынша Әлеуметтік сақтандырудың

    мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша мынадай мөлшерде:

    теңге

    Атауы
    Берешектің барлық сомасы
    Негізгі төлем сомасы
    Өсімпұл сомасы
    Әлеуметтік аударымдар
    берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.
    Әлеуметтік кодекстің 27-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Сіз әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға міндеттісіз.
    Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 5-тармағына сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
    Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген кезде Әлеуметтік кодекстің 3 және 6 тармақтарына сәйкес

    ________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

    1) төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын:

    банктік шоттар бойынша – әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы шегінде;

    касса бойынша – кейіннен әлеуметтік аударымдарды, оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлды төлеу есебіне аудару үшін қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу және тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциялары бойынша төлеушінің шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді;

    2) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

    Бұл ретте Сізге Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.

    Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылатын болады.

    Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

    ________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты, қолы, мөрі)

    Хабарламаны алды _______________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты немесе

    _____________________________________________________________________ төлеушінің / төлеушінің лауазымды тұлғасының атауы,

    _____________________________________________________________________ қолы, мөрі (жеке әсіпкерлік субъектілеріне жататын

    _____________________________________________________________________ заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)

    Хабарлама төлеушіге табыс етілді ___________________________________ (мемлекеттік кірістер органы лауазымды

    _____________________________________________________________________ адамының (тегі, аты және әкесінің аты, қолы, күні)

    Хабарлама төлеушіге жіберілді _____________________________________ (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2026 жылғы 21 қаңтардағы

    № 32 бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    Бірінші орынбасары –

    Қаржы министрінің

    2020 жылғы 1 сәуірдегі

    № 341 Бұйрығына

    3-қосымша

    нысан

    Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарлама

    20__ жылғы «___» ________
    № ______________
    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік
    кодекс) 256-бабының 2-тармағына сәйкес

    ________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

    Сізге

    _____________________________________________________________________ (агенттің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

    _____________________________________________________________________ куәландыратын құжатта көрсетілсе)

    _____________________________________________________________________ (бұдан – әрі тегі, аты және әкесінің аты)

    _____________________________________________________________________ немесе толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

    _____________________________________________________________________ заңды мекен-жайы)

    20__ жылғы «__» ______ жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

    қорына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы

    жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша мынадай мөлшерде

    теңге

    Атауы
    Берешектің барлық сомасы
    Негізгі төлем сомасы
    Өсімпұл сомасы
    Міндетті зейнетақы жарналары
    Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары
    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары
    Барлығы
    берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.
    Әлеуметтік кодекстің 40-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Сіз міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімін ұсынуға міндеттісіз.
    Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 5-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімін міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
    Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда

    _____________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

    1) төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң агентке банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын:

    банктік шоттар бойынша – міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шегінде;

    касса бойынша – кейіннен міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлды төлеу есебіне аудару үшін қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу және тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциялары бойынша төлеушінің шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді;

    2) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын пайдасына берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей банктік шоттардан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

    Бұл ретте Сізге Әлеуметтік кодекстің 256-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.

    Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылады.

    Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

    ________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты, қолы, мөрі)

    Хабарламаны алды

    ________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты немесе

    _____________________________________________________________________ төлеушінің / төлеушінің лауазымды тұлғасының атауы,

    _____________________________________________________________________ қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік

    _____________________________________________________________________ субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)

    Хабарлама агентке тапсырылды

    ________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының

    _____________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты, қолы, күні)

    Хабарлама агентке жіберілді

    ________________________________________________________________ (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2026 жылғы 21 қаңтардағы

    № 32 бұйрығына

    3-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-министрінің

    Бірінші орынбасары –

    Қаржы министрінің

    2020 жылғы 1 сәуірдегі

    № 341 Бұйрығына

    5-қосымша

    нысан

    Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама

    20__ жылғы «___» ________
    № ______________
    «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан
    Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабы 2-тармағына сәйкес

    ________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

    Сізге ___________________________________________________________

    ________________________________________________________________ (төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке

    _____________________________________________________________________ басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

    _____________________________________________________________________ (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты)

    _____________________________________________________________________ немесе толық атауы, жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

    _____________________________________________________________________ заңды мекен-жайы)

    20__ жылғы «___» __________ жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық

    сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар бойынша мынадай

    мөлшерде:

    теңге

    Атауы
    Берешектің барлық сомасы
    Негізгі төлем сомасы
    Өсімпұл сомасы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар
    берешегіңіздің бар екендігі туралы хабарлайды.
    Заңның 31-бабы 4-1-тармағына сәйкес Сізге аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін ұсыну қажет. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кірістер органына көрсетілген тізімді ұсынады.
    Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда

    ________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

    1) төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын:

    банктік шоттар бойынша – аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы шегінде;

    касса бойынша – кейіннен аударымдар және (немесе) жарналар, оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлды төлеу есебіне аудару үшін қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу және тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциялары бойынша төлеушінің шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді;

    2) аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей банктік шоттардан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

    Бұл ретте Сізге Заңның 31-бабы 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.

    Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.

    Мемлекеттік кірістер органның басшысы (басшының орынбасары)

    ________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты, қолы, мөрі)

    Хабарламаны алды

    ________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты

    _____________________________________________________________________ немесе төлеушінің/төлеушінің лауазымды

    _____________________________________________________________________ тұлғасының атауы, қолы, мөрі

    _____________________________________________________________________ (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын

    _____________________________________________________________________ заңды тұлғаларды қоспағанда), күні)

    Хабарлама төлеушіге тапсырылды

    ________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының

    _____________________________________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты, қолы, күні)

    Хабарлама төлеушіге жіберілді _____________________________________ (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.