Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметтінің қағидаларының 2-1-тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлімшесі) құрылсын.
2. Бөлімшесінің уәкілетті органы «Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
3. «Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімшесінің мемлекеттік тіркелуін әділет органдарында қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шет ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Шет ауданының әкімі
М.Мұхтаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.