Жітіқара ауданы әкімі шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қаңтар 2026 ж.

    Жітіқара ауданы әкімі шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Жітіқара ауданының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 7 хаттамасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жітіқара ауданы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Жітіқара ауданының әкімі

    А. Жаныспаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.