Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жаңаарқа ауданының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметтінің қағидаларының 2-1-тармағына сәйкес, және Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ.Саттыбаевтың 2026 жылғы 8 қаңтардағы хатын негізге ала отырып, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жаңаарқа ауданының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Орталық) құрылсын.
2. Орталықтың уәкілетті органы «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
3. «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Орталықтың мемлекеттік тіркелуін әділет органдарында қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Жаңаарқа ауданының әкімі
Қ.Ш.Қожықаев
Жаңаарқа ауданының әкімдігінің
2026 жылғы «19 » қантардағы
№ 04/03 қаулысына қосымша
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
|
№
|
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
|
Үлгісі
|
Жағдай
|
Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)
|
Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)
|
|
1
|
«Жаңаарқа ауданының үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы
|
үйде қызмет көрсету
|
Жалғыз басты қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтар
|
83947,68
|
3997,51
|
|
психоневрологиялық ауруы бар балалар
|
|||||
|
18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтар
|
|||||
|
тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.