Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 288 «Маңғыстау облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25900 тіркелген);
2) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 80 Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 288 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28340 тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі
Н. Қилыбай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.