2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 қаңтар 2026 ж.

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ұлытау облысының әкімі

    Д. Рыспеков

    Ұлытау облысы әкімдігінің

    2026 жылғы «_14_» _қаңтар_

    №__02/01__

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
    Үлгісі
    Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)
    Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)
    1
    Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ұлытау облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    стационар
    288393
    9303
    2
    «Ұлытау-Мейірім» ҚҚ
    жартылай стационар
    348766
    15853
    Ескерту:
    КММ – коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    ҚҚ – қоғамдық қоры

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.