«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) Ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, одан кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияласын.
3. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі
Б. Байбек
Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы « 1 » сәуірдегі
№ 2/117 қаулысына 1 қосымша
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жолаушылар тасымалы және жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру саласындағы басшылық етуді, оның ішінде метрополитенді пайдалану, Алматы қаласының қоғамдық көлік қызметтеріне қажеттіліктерін қолданыстағы заңнама шеңберінде толық және сапалы қанағаттандыру мақсатында жол қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, мәслихат сессияларынаң шешімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сандай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
9. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:
мемлекеттік тілде - «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – коммунальное государственное учреждение «Управление пассажирского транспорта города Алматы».
10. Осы Ереже «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып таблады.
11. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы», 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» Заңдарына сәйкес «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: автомобиль көлігімен, электркөлігімен, таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру, және іске асыру, Алматы қаласындағы метрополитеннің жұмыс істеп тұрған желілерін пайдалану, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып белгіленген.
14. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері: 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы», 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» Заңдарымен белгіленген:
1) қалалық және қала маңы тұрақты жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;
2) қалалық және қала маңына тұрақты жолаушылар мен багажды тасымалдаудың бағыттарын және қозғалыс кестелерін бекіту;
3) жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық автомобильмен тасымалдау маршруттарын және жүру кестелерiн келісу;
4) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;
5) автовокзалдар мен автостанциялардың тізілімен жүргізу;
6) қалалық және қала маңы тұрақты, жолаушылар мен багажды тасымалдау бағыттарының тізілімін жүргізу;
7) алыс елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың сызбалары мен тәртібін әзірлеу;
8) жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасын және жол қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі жобаларды әзірлеу;
9) қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушыларды әлеуметтік манызды тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;
10) метрополитенмен және жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың шығындары субсидиялауды жүзеге асыру;
11) тұтынушылардың мүдделерін қорғау, жолаушылар көлігін пайдаланатын азаматтардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында жолаушылар көлігінің жұмысымен байланысты қызметтер нарығының қалыпты жұмысы үшін жағдайлар жасау;
12) заңнамамен белгіленген тәртіпте жолаушылар көлігінің қызметін мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыру;
13) ғылыми – зерттеу, ғылыми – техникалық және жобалау жұмыстарына қатысу, жолаушылар көлігі саласының кадрларын оқыту, даярлау және біліктілігін көтеру;
14) «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру;
15) «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретінің шеңберінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы жұмыстарды орындау;
16) «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретінде кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
17) жолаушылар көлігін дамытудың кешенді және жергілікті бағдарламаларын іске асыруға қатысу үшін қаржыландыру көздерін және инвесторларды іздестіру;
18) шарттық міндеттемелерді орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
19) жолаушылар көлігі саласында қаланы дамытудың бас жоспарын әзірлеуге қатысу;
20) «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің саласына енетін бағдарламалар бойынша жұмыстарды қаржыландыруға бюджет қаражаттарының қажеттілігін анықтау;
21) «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктерінің шегінде көлік инфрақұрылымы нысандарын пайдалануға қабылдау және одан әрі коммуналдық меншікке беру жұмыстарына қатысу;
22) өз құзыретінің шегінде жолаушылар көлігін дамытудың және оның қызмет етуінің, қоғамдық көлік инфрақұрылымы нысандарының маңызды түйткілді мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
23) жабдықтарды және жол қозғалысын реттеу құралдарын техникалық күтіп-ұстауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
24) жол белгілерін орнату, жол бөліктерінің желілерін айқындау, жаяу жүргіншілер өтетін жерлерді жайластыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде, «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктерінің шегінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу;
26) мониторинг жүргізу, автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесін пайдалану бойынша жұмыстарды басқару мен үйлестіру;
27) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
28) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау.
15. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес белгіленген:
өкілеттіктері шегінде құрылыс, жөндеу, техникалык және авторлық қадағалауды, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді, қызмет көрсетуді, жолаушылар көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асырушы мердігер ұйымдар мен кәсіпорындардың шарттық міндеттемелерінің орындалу барысының жұмысын үйлестіру;
жол қозғалысының автоматтандырылған басқару жүйесінің нысандарын дамыту, қамтамасыз ету, құрылысын жүргізу, қайта жаңғырту бойынша жолаушылар тасымалын, оның ішінде төтенше жағдайлар туындаған кезде ұйымдастыру бойынша шараларды іске асыру;
өзінің құзыреті шегінде жолаушылар көлігі қызметіне байланысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына талдау жасауды ұыймдастыруға қатысу;
бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
тахографтарды орнату мен оларға қызмет көрсету бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы жөнінде хабарламалар ұсынған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу және хабарламаларды қабылдау;
жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы жөнінде хабарламалар ұсынған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу және хабарламаларды қабылдау;
халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;
қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.
16. Жүктелген міндеттеріне сәйкес және өз құзыретінің шегінде «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдары мен өзге де мемлекеттік органдарынан ақпарат алуға;
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалармен келісімдер жасауға және келіссөздер жүргізуге;
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізуге;
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізуге;
Алматы қаласы Жолаушылар көлігін дамытуға мемлекет тарапынан жағдай жасауға арналған шараларды жүзеге асыру үшін арнайы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын немесе басқа да кеңесші органдар құруға бастамашылық танытуға;
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген қаражат есебінен ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сонымен бірге жеке мамандарды тартуға;
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгінуге;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
3. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы басшылық етеді.
18. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Бірінші басшының өкілеттіктері:
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапты болады;
шарттар жасасады;
сенімхаттар береді;
шоттар ашады;
заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар қолданады;
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді:
мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер шегін айқындайды;
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді атқарады.
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы орнында болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
4. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
20. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз қалауынша иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
23. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы « 1 » сәуірдегі
№ 2/117 қаулысына 2 қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2012 жылғы 23 тамыздағы № 3/738 қаулысы.
2. Алматы қаласы әкімідігінің «Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 3/738 «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 19 тамыздағы № 3/719 қаулысы.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.