Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 51 «Денисов ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қаңтар 2026 ж.

    Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 51 «Денисов ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Денисов ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 51 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7707 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Р. Катпаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.