«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 қаңтар 2026 ж.

    «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

    112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «112. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурсты ұйымдастырушының бастамасы бойынша немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде енгізіледі.

    Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал жекеше әріптесті айқындау бойынша қайталама конкурс өткізілетін жағдайда – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарлайды.

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап конкурстық өтінімдерді беру мерзімінің өтуі өзгертілген конкурстық құжаттама орналастырылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

    Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында белгіленген тәртіппен сараптамаларға және келісуге жібереді.»;

    136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «136. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Комиссия конкурстық құжаттамада белгіленген үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарын, оның ішінде мынадай өлшемшарттарды:

    1) конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік міндеттемелерді төлеу көлемінен аспайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу көлемін;

    2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімін;

    3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тартуға жататын жекеше әріптес қаражатының көлемін;

    4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану мерзімдерін (айлар, жылдар);

    5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты объектісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін;

    6) елішілік құндылық үлесі бойынша ақпаратты;

    7) іске асырылған жобалардың тәжірибесін (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының объектісіне ұқсас объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану тәжірибесінің болуы (дербес не қатысушы ретінде өзге тұлғалармен бірлесіп);

    8) білікті мамандардың болуын;

    9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде өндірілетін тауарларға, орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған шекті бағаларды (тарифтерді), осындай бағаларға (тарифтерге) үстемеақыларды;

    10) жекеше әріптес өзіне қабылдайтын тәуекелдерді ескере отырып жүзеге асырады.»;

    147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «147. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісуге, конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы хаттаманың көшірмелерін қоса бере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органға, сондай-ақ табиғи ресурстар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша) жібереді.

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын келісу, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, келісу не әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептері көрсетіле отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.»;

    223-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «223. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінің, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінің 14-тарауына сәйкес жүзеге асырады.

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тіркеу бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның (республикалық жобалар бойынша) не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның (жергілікті жобалар бойынша) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігі туралы растайтын хаты ұсынылған кезде тиісті бюджет комиссиясының шешімінсіз жүзеге асырылады.»;

    Осы Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    Осы Қағидаларға 13-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12487 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларында:

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Жекеше әріптес МЖӘ шартының талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімі басталған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына объектіні мемлекеттік меншікке беру туралы өтінішпен жүгінеді.

    Егер МЖӘ шартында өзгеше белгіленбесе, МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімінің басталған кезі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіту күні болып табылады.

    Жекеше әріптес МЖӘ объектілерін мемлекеттік меншікке беру үшін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына өтінішпен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.

    Жекеше әріптес МЖӘ объектісін мемлекеттік әріптеске МЖӘ шартының талаптарына сәйкес келетін тиісті техникалық жағдайда беруді қамтамасыз етеді.»;

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларына қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    С. Жумангарин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2026 жылғы 16 қаңтардағы

    № 4 Бұйрыққа

    1-қосымша

    Мемлекеттік-жекешелік

    әріптестік жобаларын

    жоспарлау, жекеше әріптесті

    айқындау жөнінде конкурс

    (аукцион) және тікелей

    келіссөздер жүргізу,

    мемлекеттік-жекешелік

    әріптестік шарттарының

    мониторингін жүргізу,

    мемлекеттік-жекешелік

    әріптестік жобаларының іске

    асырылу мониторингін жүргізу

    және бағалау мәселелерін

    қамтитын мемлекеттік-

    жекешелік әріптестік жобаларын

    жоспарлау және іске асыру

    қағидаларына

    6-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы техникалық-экономикалық негіздемесінің құрылымы

    Ата­уы
    Тол­ты­ру бой­ын­ша ұсы­ным­дар
    1. Жо­ба­ның пас­пор­ты
    Жо­ба­ның ата­уы
    жо­ба­ның то­лық ата­уы көр­се­ті­ле­ді
    Мем­ле­кет­тік әріп­тес
    мем­ле­кет­тік әріп­те­стің то­лық ата­уы көр­се­ті­ле­ді
    Кон­кур­сты ұй­ым­да­сты­ру­шы
    кон­кур­сты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның то­лық ата­уы көр­се­ті­ле­ді
    Жо­ба­ның қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
    жо­ба­ның мәні, оның ішін­де жо­ба­ның ауқы­мы, жо­ба­ның қу­а­ты, мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік схе­ма­сы бой­ын­ша жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дан негіз­гі пай­да алушы­лар көр­се­ті­ле­ді
    Жо­ба­ны іс­ке асы­ру са­ла­сы (ая­сы)
    эко­но­ми­ка­ның са­ла­сы (ая­сы) көр­се­ті­ле­ді
    Іс­ке асы­ру ор­ны
    жо­ба­ны іс­ке асы­ру ор­ны көр­се­ті­ле­ді (ме­кен­жайы не та­лап­та­ры не ор­на­лас­қан же­рі­нің си­патта­ма­сы)
    Іс­ке асы­ру мер­зім­де­рі мен ке­зең­де­рі
    жо­ба­ны іс­ке асы­ру мер­зім­де­рі мен ке­зең­де­рі көр­се­ті­ле­ді
    Жо­ба­ның құ­ны
    мы­на­лар:
    1) мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның ақ­па­рат­тық па­ра­ғы шең­бе­рін­де есеп ай­ы­ры­су үшін қа­был­дан­ған ұлт­тық ва­лю­та­да­ғы және ше­тел ва­лю­та­сын­да­ғы (қа­жет болған жағ­дай­да) жо­ба­ның жос­пар­лан­ған жал­пы құ­ны, оның ішін­де: ин­ве­сти­ци­я­лық шы­ға­сы­лар; пай­да­ла­ну шы­ғын­да­ры; өзге де шы­ға­сы­лар;
    2) мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын қар­жы­лан­ды­ру­дың бо­лжам­ды көз­де­рі;
    мем­ле­кет­тік қол­да­удың бо­лжам­ды түр­ле­рі мен мөл­шер­ле­рі көр­се­ті­ле­ді.
    Жо­ба­ның мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­рі
    жо­ба­ның мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­рі көр­се­ті­ле­ді
    Же­ке­ше әріп­те­сті ай­қын­да­удың бо­лжам­ды тә­сі­лі
    «Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 31-ба­бы­на сәй­кес же­ке­ше әріп­те­сті ай­қын­дау тә­сі­лі көр­се­ті­ле­ді
    Бай­ла­ныс де­ректе­рі
    әзір­ле­у­ші өкі­лі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), ла­у­а­зы­мы, бай­ла­ныс те­ле­фо­ны және элек­трон­дық по­шта­сы­ның ме­кен­жайы (ме­кен­жай­ла­ры) көр­се­ті­ле­ді
    2. Кірі­спе
    Жо­ба­ны іс­ке асы­ру қа­жет­ті­гі­нің негіз­де­ме­сі
    мы­на­лар: 1) Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жат­та­ры­на сәй­кест­і­гі;
    2) мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын іс­ке асы­ру ар­қы­лы ше­шу жос­пар­ла­нып отыр­ған са­лад­а­ғы (өңір­де­гі) про­бле­ма;
    3) әле­ует­ті же­ке­ше әріп­те­стер та­ра­пы­нан мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын іс­ке асы­ру­ға мүд­де­лі­лік­тің бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді
    Ұқсас жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру тә­жі­ри­бе­сі
    эко­но­ми­ка­ның осы са­ла­сын­да (ая­сын­да) ұқсас мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­рын іс­ке асы­ру­дың ха­лы­қа­ра­лық және/неме­се қа­зақ­стан­дық оң тә­жі­ри­бе­сі көр­се­ті­ле­ді
    мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік объ­ек­ті­сі және мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік объ­ек­ті­сі­нің құ­ра­мы­на кір­мей­тін өзге де мү­лік ту­ра­лы ақ­па­рат
    мы­на­лар:
    1) мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік объ­ек­ті­сі­нің және мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік объ­ек­ті­сі­нің құ­ра­мы­на кір­мей­тін (мен­шік, ба­ланс ұста­у­шы, шек­те­улер мен ауырт­па­лық­тар), бі­рақ мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын­да пай­да­ла­ны­ла­тын өзге де мү­лік­тің құқық­тық мәр­те­бе­сі;
    2) жо­ба­ны іс­ке асы­ру ба­ры­сын­да­ғы және оны іс­ке асы­ру аяқ­тал­ған­нан кей­ін­гі жо­ба­ға қа­ты­су­шы­лар­дың әр­қай­сысы­ның мү­лік­тік құқық­та­ры­ның кө­ле­мі көр­се­ті­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік объ­ек­ті­сін ре­кон­струк­ци­я­лау, жаң­ғыр­ту, күр­де­лі жөн­деу неме­се да­мы­ту ке­зін­де оның ре­тро­спек­ти­ва­сы (объ­ек­ті­нің пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні, ре­кон­струк­ци­я­лау, жаң­ғыр­ту, күр­де­лі жөн­деу бой­ын­ша жүр­гі­зі­л­ген жұ­мыстар және осы объ­ек­ті­ге қа­ты­сты бас­қа да мә­лі­мет­тер) қо­са бе­рі­ле­ді.
    Ар­хео­ло­ги­я­лық және мем­ле­кет ерекше қор­ғай­тын өзге де объ­ек­ті­лер­дің жос­пар­лан­ған мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның мә­се­ле­ле­рі қоз­ғал­ған жағ­дай­да, осы объ­ек­ті­лер­дің жай-күйі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның олар­ға әсе­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер кел­ті­рі­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар са­ла­ла­ры­на ти­е­сі­лі­лі­гі
    негіз­гі қа­ра­жат­ты қай­та ба­ға­лау, соң­ғы күн­тіз­бе­лік үш жыл­да іс­ке асы­ры­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар, та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­сі қыз­ме­ті­нің тех­ни­ка­лық са­рап­та­ма­сы, объ­ек­ті­лер­дің тех­ни­ка­лық жай-күй­ін ку­әлан­ды­ру ту­ра­лы ақ­па­рат­ты және бас­қа да мә­лі­мет­тер­ді қо­са ал­ған­да, мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стікке бе­рі­ле­тін та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­сі­нің мү­лік­тік ке­ше­ні ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді
    3. Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық бө­лім
    мы­на­лар:
    1) та­рап­тар­дың өза­ра іс-қи­мыл жа­сау те­тікте­рі, мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның әр­бір та­ра­пы­ның, оның ішін­де үшін­ші тұ­лға­лар­дың ин­ве­сти­ци­я­лық және ин­ве­сти­ци­ядан кей­ін­гі ке­зең­де жа­у­ап­кер­ші­лі­гі (та­рап­тар­дың өза­ра іс-қи­мыл схе­ма­сын қо­са) ту­ра­лы ақ­па­рат;
    2) мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы шең­бе­рін­де қыз­мет­тің бо­лжам­ды түр­ле­рі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стікке бе­рі­луі жос­пар­лан­бай­тын қыз­мет түр­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат;
    3) ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ше­шім­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын іс­ке асы­ру­дың ба­ла­ма нұс­қа­ла­ры­ның са­лы­стыр­ма­лы тал­да­уы көр­се­ті­ле­ді
    4. Мар­ке­тинг­тік бө­лім
    мы­на­лар:
    1) эко­но­ми­ка­ның (өңір­дің) са­ла­сы (ая­сы) про­бле­ма­сы­ның си­патта­ма­сы;
    2) сұ­ра­ны­стың сан­дық па­ра­метр­ле­рін, оның тен­ден­ци­я­ла­рын тал­дау және негіз­деу неме­се мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы шең­бе­рін­де өн­ді­ру­ге жос­пар­лан­ған өнім­ге (та­у­ар­лар­ға/көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге) қа­жет­ті­лік­ті ба­ға­лау;
    3) са­лад­а­ғы (өңір­де­гі) ағым­да­ғы аху­ал ес­ке­рі­ле оты­рып және тұ­ты­ну­шы­лар са­нат­та­ры бой­ын­ша мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын іс­ке асы­ру нәти­же­сін­де жүр­гі­зі­ле­тін өнім­дер­дің (та­у­ар­лар­дың/көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) кө­лем­де­рін, түр­ле­рін және ба­ға­ла­рын тал­дау;
    4) мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын іс­ке асы­ру үшін қа­жет­ті ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар, жаб­дық­тар на­ры­ғын тал­дау, оның ішін­де өнім­нің өн­ді­ру­ші­ле­рі мен жет­кі­зу­ші­ле­рі, ба­ға­ла­ры, са­па­сы және жет­кі­зу шар­тта­ры бой­ын­ша са­лы­стыр­ма­лы тал­дау;
    5) жо­ба­ның ин­ве­сти­ци­я­лық та, ин­ве­сти­ци­ядан кей­ін­гі ке­зең­де де ти­іс­ті бі­лік­ті­лі­гі бар ма­ман­дар­мен қам­та­ма­сыз еті­лу­ін тал­дау, сон­дай-ақ қа­жет болған жағ­дай­да ше­тел­дік ма­ман­дар­ды тар­ту­дың негіз­де­ме­сі;
    6) SWOT-тал­дау (Strengths (кү­ш­ті жақ­та­ры), Weaknesses (әл­сіз жақ­та­ры), Opportunities (мүм­кін­дік­тер), Threats (қа­тер­лер) - мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын іс­ке асы­ру шең­бе­рін­де бо­лжа­на­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің әле­ует­ті кү­ш­ті және әл­сіз жақ­та­рын, мүм­кін­дік­те­рі мен қа­тер­ле­рін ай­қын­дау және ба­ға­лау) көр­се­ті­ле­ді. Пай­да­ла­ны­л­ған ақ­па­рат көз­де­рі мен мар­ке­тинг­тік зерт­те­улер­ді жүр­гі­зу әді­сте­ме­ле­рі жүр­гі­зі­л­ген мар­ке­тинг­тік зерт­те­улер ту­ра­лы есеп­пен бір­ге мін­дет­ті түр­де көр­се­ті­ле­ді
    5. Қар­жы­лық бө­лім
    мы­на­лар:
    1) мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы шең­бе­рін­де са­лы­нуы жос­пар­лан­ған ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі, оның ішін­де: есеп­те­улер­мен рас­тал­ған мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік объ­ек­ті­сін са­лу­дың (құ­ру­дың) бо­лжам­ды құ­ны;
    2) пай­да­ла­ну шы­ға­сы­ла­ры­ның (өн­ді­рі­стік шы­ға­сы­лар­дың, кү­тіп-ұста­у­ға ар­нал­ған ағым­да­ғы шы­ғы­стар­дың) есе­бі;
    3) жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру үшін қарыз қа­ра­жа­тын тар­ту­дың қо­лай­лы па­ра­метр­ле­рін ай­қын­дау;
    4) есеп­те­улер­дің негіз­де­ме­ле­рі мен та­риф­тер­дің ел­де­гі, өңір­де­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ға ық­па­лы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер қо­са бе­рі­л­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) ар­нал­ған та­риф­тер­дің (ба­ға­лар­дың, алым­дар мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нің) ал­дын-ала есеп­те­уле­рі;
    5) егер жұ­мыс іс­теп тұр­ған объ­ек­ті­лер­ді жаң­ғыр­ту, ре­кон­струк­ци­я­лау неме­се күр­де­лі жөн­деу жос­пар­лан­са, мы­на­лар­ды:
    ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) жос­пар­лы және нақ­ты кө­ле­мі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты;
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) түр­ле­рі бө­лі­ні­сін­де қол­да­ны­с­та­ғы та­риф­тер мен та­риф­тік сме­та­лар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты;
    рет­тел­мей көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін түр­ле­рі мен кө­ле­мі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты; қар­жы­лық есеп­ті­лік­ті;
    та­риф­те ес­ке­рі­ле­тін қол­да­ны­с­та­ғы амор­ти­за­ци­я­лау әді­сте­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты;
    бұ­рын іс­ке асы­ры­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны (жо­ба­ны) қар­жы­лан­ды­ру­дың нақ­ты шар­тта­ры мен мөл­ше­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты;
    бұ­рын іс­ке асы­ры­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­дың нақ­ты орын­да­лу көр­сет­кіш­те­рін ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­да бе­кі­ті­л­ген көр­сет­кіш­тер­мен са­лы­сты­ру ту­ра­лы ақ­па­рат­ты;
    қол жет­кі­зі­л­ген нақ­ты көр­сет­кіш­тер­дің бе­кі­ті­л­ген ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­да­ғы көр­сет­кіш­тер­ден ауыт­қуы болған жағ­дай­да оның се­беп­те­рін тү­сін­ді­ру­ді;
    субъ­ек­ті­нің рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­рін (та­у­ар­ла­рын, жұ­мыста­рын) тұ­ты­ну­шы­лар­дың, болған жағ­дай­да, де­би­тор­лық бе­ре­шек­те­рі­нің дең­гей­ін және кре­ди­тор­лық бе­ре­шек тө­лем­де­рін тө­мен­де­ту жө­нін­де­гі ке­шен­ді іс-ша­ра­лар­ды;
    болған жағ­дай­да, нор­ма­тив­тік шы­ғын­дар­ды азай­ту және (неме­се) нор­ма­тив­тен тыс шы­ғын­дар­ды жою жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар жос­па­рын қам­ти­тын, соң­ғы үш жыл­да жұ­мыс іс­теп тұр­ған та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­сі ту­ра­лы ақ­па­рат;
    6) мем­ле­кет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын ұсы­ну қа­жет­ті­гі мен мүм­кін­ді­гін және же­ке­ше әріп­те­стің шы­ғын­да­рын өтеу және кі­рі­стер алу көз­де­рін тал­да­удың нәти­же­ле­рі, оның ішін­де түр­ле­рі, кө­ле­мі, мер­зім­де­рі мен олар­ды ұсы­ну­дың бо­лжам­ды шар­тта­ры;
    7) ақ­ша қа­ра­жа­ты­ның қоз­ға­лы­сын есеп­теу және кі­рі­стер мен шы­ғы­стар ту­ра­лы есеп;
    8) мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның ти­ім­ді мер­зі­мін ай­қын­дау;
    9) дис­конт­тау әді­сте­рі­нің кө­ме­гі­мен жо­ба­ны тал­дау, оның ішін­де кел­ті­рі­л­ген та­за құн­ды есеп­теу (Net Present Value – NPV), іш­кі кі­рі­сті­лік нор­ма­сы (Internal Rate of Return, IRR), дис­конт­та­ла­тын пай­да мен шы­ғын­дар­дың ара­қа­ты­на­сы, дис­конт­тал­ған өте­лім­ді­лік мер­зі­мі;
    10) жо­ба­ның се­зім­тал­ды­ғын тал­дау және шы­ғын­сыздық шек­те­рін есеп­теу;
    11) бюд­жет­тің та­за пай­да­сы­ның, бюд­жет­тің кел­ті­рі­л­ген та­за кі­рі­сі­нің (мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің NPV), бюд­жет­тің кі­рі­сті­лі­гі­нің іш­кі нор­ма­сы­ның (мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің IRR) көр­сет­кіш­те­рін есеп­теу;
    12) есеп­те­улер­ді кел­ті­ре оты­рып, жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың ба­ла­ма нұс­қа­ла­рын са­лы­стыр­ма­лы тал­дау көр­се­ті­ле­ді.
    Жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың ба­ла­ма нұс­қа­ла­рын есеп­теу бюд­жет са­я­са­ты жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен Мем­ле­кет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды жос­пар­лау, қа­рау, ірік­теу, іс­ке асы­ру, мо­ни­то­рин­гі­леу және іс­ке асы­ры­луын ба­ға­лау қа­ғи­да­ла­ры­ның Мем­ле­кет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны ірік­теу әді­сте­ме­сіне сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын іс­ке асы­ру­дың қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық мо­дель­де­рі (бұ­дан әрі – ҚЭМ) фор­му­ла­лар мен қа­был­дан­ған бо­лжам­дар көр­се­ті­ле оты­рып жа­са­ла­ды.
    Ал­дын ала есеп­те­улер ашы­ла­тын фор­му­ла­лар­мен Microsoft Office Excel фор­ма­тын­да жүр­гі­зі­ле­ді және қа­ғаз және элек­трон­дық жет­кіз­гіш­те ұсы­ны­ла­ды.
    6. Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық бө­лім
    осы бұй­рық­қа 10-қо­сым­ша­ға сәй­кес Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­ры­ның әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау әді­сте­ме­сіне сәй­кес әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лік­ті ба­ға­лау көр­се­ті­ле­ді
    7. Тех­ни­ка­лық-тех­но­ло­ги­я­лық бө­лім
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып бө­лім­де мы­на­лар:
    1) мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын іс­ке асы­ру нәти­же­сін­де құ­ры­ла­тын объ­ек­ті­нің жос­пар­ла­на­тын фи­зи­ка­лық па­ра­метр­ле­рі мен тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры;
    2) жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың таң­дал­ған оң­тай­лы нұс­қа­сы­ның негіз­де­ме­сі­мен тех­ни­ка­лық-тех­но­ло­ги­я­лық ше­шім­дер­дің си­патта­ма­сы және са­лы­стыр­ма­лы тал­да­уы;
    3) ши­кі­затты, ма­те­ри­ал­дар­ды, жаб­дық­тар­ды әле­ует­ті жет­кі­зу­ші­лер­дің көз­де­рі мен ор­на­лас­қан жер­ле­ріне, өнім­ді (та­у­ар­лар­ды/көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді) тұ­ты­ну­шы­лар­ға және өңір­дің гео­гра­фи­я­лық ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып кө­лік ма­ги­страль­да­ры­на жа­қынды­ғы­на қа­ты­сты жо­ба­ның іс­ке асы­ры­лу ор­ны­ның негіз­де­ме­сі;
    4) қа­был­дан­ған тех­ни­ка­лық-тех­но­ло­ги­я­лық ше­шім­дер­ді ес­ке­ре оты­рып жо­ба­ның қу­а­ты­ның есеп­тік негіз­де­ме­сі;
    5) жо­ба­ны іс­ке асы­ру бо­лжа­на­тын өңір­дің ин­фра­құ­ры­лы­мы­на жо­ба­ның әсе­рін ба­ға­лау;
    6) таң­дал­ған жо­ба­лық жаб­дық­тың негіз­де­ме­сі, оның ішін­де бұ­рын­нан пай­да­ла­ны­лып жүр­ген жаб­дық­пен тех­но­ло­ги­я­лық үй­ле­сім­ді­гі (егер бұл жо­ба­ны іс­ке асы­ру шең­бе­рін­де бо­лжа­на­тын бол­са), «ба­ға-са­па» оң­тай­лы ара­қа­ты­на­сы, жаб­дық­ты таң­дау бой­ын­ша ба­ла­ма нұс­қа­лар, ин­но­ва­ци­я­лық жаб­дық­ты қол­да­ну, ноу-ха­уды пай­да­ла­ну, жо­ба­да са­па стан­дарт­та­рын пай­да­ла­ну, жо­ба­ға қой­ы­ла­тын тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ды бел­гі­лей­тін нор­ма­тив­тік құ­жат­тар;
    7) ең­бек­ті қор­ғау және қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы нор­ма­ла­ры;
    8) қол­да бар кө­лік кі­ре­бе­рі­сте­рі мен құ­рал­да­рын, энер­ги­я­мен, жы­лу­мен, су­мен жаб­дық­та­уды және кә­р­із­ді ес­ке­ре оты­рып, жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың ин­же­нер­лік құ­ры­лы­стар­мен қам­та­ма­сыз еті­луі, сон­дай-ақ қой­ма­лық үй-жай­лар­мен қам­та­ма­сыз еті­луі;
    9) жо­ба бой­ын­ша уа­қыт ішін­де­гі іс-ша­ра­лар­дың бі­р­із­ді­лі­гі мен ұз­ақ­тығы гра­фи­ка­лық түр­де көр­се­ті­л­ген, мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стікке бе­ру­ге ұсы­ны­ла­тын объ­ек­ті­ні құ­ру/ре­кон­струк­ци­я­лау мер­зі­мін, оны іс­ке асы­ру жыл­да­ры бой­ын­ша және тех­но­ло­ги­я­лық ке­зең­де­рі бой­ын­ша пай­да­ла­ну мер­зі­мін көр­се­те­тін жо­ба­ны іс­ке асы­ру кесте­сі (жос­пар-кесте);
    10) қор­ша­ған ор­та­ға әсер­ді ба­ға­лау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер қам­ты­ла­ды
    8. Тәу­е­кел­дер­ді бө­лу
    осы бұй­рық­қа 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­ры­ның тәу­е­кел­де­рін бө­лу және ба­ға­лау әді­сте­ме­сіне сәй­кес мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның тәу­е­кел­де­рін бө­лу және ба­ға­лау тал­да­уы көр­се­ті­ле­ді
    9. Жо­ба бой­ын­ша тұ­жы­рым­дар
    мы­на­лар:
    1) жо­ба бой­ын­ша негіз­гі ар­тық­шы­лық­тар мен кем­ші­лік­тер;
    2) жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың оң­тай­лы нұс­қа­сы;
    3) жо­ба бой­ын­ша сы­ни тәу­е­кел­дер және олар­ды азай­ту ша­ра­ла­ры көр­се­ті­ле­ді.
    10. Қо­сым­ша­лар
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның ақ­па­рат­тық па­ра­ғын­да кел­ті­рі­л­ген ақ­па­рат­ты рас­тай­тын және аша­тын құ­жат­тар­ды, гра­фик­тер­ді, диа­грам­ма­лар­ды, сыз­ба­лар­ды, ел­ді ме­кен кар­та­ла­рын, сон­дай-ақ бар­лық ашы­ла­тын фор­му­ла­ла­ры­мен Excel фор­ма­тын­да элек­трон­дық нұс­қа­да ұсы­ны­ла­тын мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы­ның ақ­па­рат­тық па­ра­ғын­да қа­рал­ған жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дың әр­бір нұс­қа­сы бой­ын­ша (жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі бой­ын­ша) ҚЭҚ-ты қам­ти­тын қо­сым­ша­лар­дан тұ­ра­ды.

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2026 жылғы 16 қаңтардағы

    № 4 Бұйрыққа

    2-қосымша

    Мемлекеттік-жекешелік

    әріптестік жобаларын

    жоспарлау, жекеше әріптесті

    айқындау жөнінде конкурс

    (аукцион) және тікелей

    келіссөздер жүргізу,

    мемлекеттік-жекешелік

    әріптестік шарттарының

    мониторингін жүргізу,

    мемлекеттік-жекешелік

    әріптестік жобаларының іске

    асырылу мониторингін жүргізу

    және бағалау мәселелерін

    қамтитын мемлекеттік-

    жекешелік әріптестік жобаларын

    жоспарлау және іске асыру

    қағидаларына

    13-қосымша

    Нысан

    «________________________» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы ХАТТАМА 20___ жылғы «___» _________ №__

    № (конкурстың нөмірі) күні мен уақыты

    Конкурсты ұйымдастырушы: _______________________________________

    Конкурстық комиссияның құрамы:

    ТАӘ
    Ұй­ым­да­ғы ла­у­а­зы­мы
    Ко­мис­си­яда­ғы рө­лі
    Лоттың № (болған жағдайда) __________________________________________
    Лоттың атауы (болған жағдайда) ________________________________
    Конкурсқа (лотқа) қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінімдер саны)
    Әле­ует­ті же­ке­ше әріп­те­стің ата­уы
    БСН (ЖСН) / сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Өті­нім­ді ұсы­ну кү­ні мен уа­қы­ты (хро­но­ло­гия бой­ын­ша)
    Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдер туралы ақпарат (бұл ақпарат конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау туралы хаттама болған жағдайда орналастырылады) (өтінімдер саны):
    Әле­ует­ті же­ке­ше әріп­те­стің ата­уы
    БСН (ЖСН) / сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Өті­нім­ді ұсы­ну кү­ні мен уа­қы­ты (хро­но­ло­гия бой­ын­ша)
    Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
    Әле­ует­ті же­ке­ше әріп­те­стің ата­уы, БСН (ЖСН)/ сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Ко­мис­сия мү­ше­сі­нің ТАӘ**
    Ко­мис­сия мү­ше­сі­нің ше­ші­мі
    Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және/неме­се кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­меу се­беп­те­рі­нің то­лық си­патта­ма­сы
    Қа­был­да­мау се­беп­те­рі­нің негіз­де­ме­сі
    Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдердің қорытынды тізілімі (өтінімдер саны):
    Әле­ует­ті же­ке­ше әріп­те­стің ата­уы
    БСН (ЖСН)/ сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Ауыт­қу­дың се­бе­бі
    Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдердің қорытынды тізілімі (өтінімдер саны):
    Әлеуетті жекеше әріптестің атауы
    БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі
    Ескертпе
    Осы Қағидалардың __ тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін осы конкурсқа қатысуға ұсынылған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған барлық конкурстық өтінімдерге қолдану нәтижелері туралы ақпарат:
    Р/с № (ең жақ­сы ұсы­ны­стан ба­стап)
    Әле­ует­ті же­ке­ше әріп­те­стің ата­уы
    БСН (ЖСН)/СТН/НП
    Өл­шем­шар­ттар
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер­ді тө­леу кө­ле­мі
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер­ді тө­леу мер­зі­мі
    Же­ке­ше әріп­те­стің мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын іс­ке асы­ру үшін тар­ту­ға жа­та­тын қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі
    Кестенің жалғасы
    Өл­шем­шар­ттар
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік объ­ек­ті­сін са­лу, құ­ру, ре­кон­струк­ци­я­лау, жаң­ғыр­ту және (неме­се) пай­да­ла­ну мер­зім­де­рі (ай­лар, жыл­дар)
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік объ­ек­ті­сін са­лу, құ­ру, ре­кон­струк­ци­я­лау, жаң­ғыр­ту және (неме­се) пай­да­ла­ну құ­ны
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік шар­ты объ­ек­ті­сі­нің тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­те­рі
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік шар­тын­да көз­дел­ген қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де өн­ді­рі­ле­тін та­у­ар­лар­ға, орын­да­ла­тын жұ­мыстар­ға, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге шек­ті ба­ға­лар (та­риф­тер), осын­дай ба­ға­лар­ға (та­риф­тер­ге) үсте­ме­лер
    Же­ке­ше әріп­тес өзіне қа­был­дай­тын тәу­е­кел­дер
    Елі­ші­лік құн­ды­лық үле­сі бой­ын­ша ақ­па­рат
    Іс­ке асы­ры­л­ған жо­ба­лар­дың тә­жі­ри­бе­сі (Кон­кур­стық құ­жат­та­ма­да көр­се­ті­л­ген объ­ек­ті­ге ұқсас объ­ек­ті­лер­ді са­лу, құ­ру, ре­кон­струк­ци­я­лау, жаң­ғыр­ту және (неме­се) пай­да­ла­ну тә­жі­ри­бе­сі­нің бо­луы (дер­бес не қа­ты­су­шы ре­т­ін­де өзге тұ­лға­лар­мен бір­ле­сіп))
    Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­сын дай­ын­да­у­ға қа­ты­су дә­ре­же­сі
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт жасасу талаптары бойынша келіссөздер нәтижесінде қабылданбаған әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесі:
    Әле­ует­ті же­ке­ше әріп­те­стің ата­уы
    БСН (ЖСН)/ сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Қа­был­дан­бау се­бе­бі
    Конкурстық комиссияның шешімі:
    1. Жеңімпаз болып анықталсын: (жеңімпаздың әлеуетті жекеше әріптесінің БСН/ЖСН атауы).
    2. Мемлекеттік әріптес (атауы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шартты (БСН/ЖСН, жеңімпаздың әлеуетті жекеше әріптесінің атауы) жасассын.
    Немесе:
    Конкурс (жобаның атауы) мыналарға байланысты өтпеді деп танылсын _____________________ *:
    Конкурстық комиссияның шешімі:
    1. №___ лот бойынша жеңімпаз болып айқындалсын: (жеңімпаз әлеуетті жекеше әріптестің БСН/ЖСН, атауы).
    2. Мемлекеттік әріптес (атауы) (жеңімпаз әлеуетті жекеше әріптестің БСН/ЖСН атауы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт жасассын.
    Немесе:
    №___ лот бойынша конкурс (жобаның атауы) мыналарға байланысты өтпеді деп танылсын: _____________________ *:
    Ескертпе:
    *Мына мағыналардың бірі: «ұсынылған өтінімдердің болмауы», «екіден аз өтінімнің берілуі», «бірде-бір әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберілмеген», «бір әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберілген».
    Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
    БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
    ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
    ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2026 жылғы 16 қаңтардағы

    № 4 Бұйрыққа

    3-қосымша

    Мемлекеттік-жекешелік

    әріптестік объектілерін

    мемлекеттік меншікке

    қабылдау қағидаларына

    қосымша

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесі

    р/с №
    Құ­жат­тың ата­уы
    1.
    МЖӘ шар­ты
    2.
    Объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­сі
    3.
    Же­ке­ше әріп­те­стің бі­рін­ші бас­шы­сы және бас бух­гал­те­рі қол қой­ған, мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қа­был­да­у­ға жа­та­тын МЖӘ объ­ек­ті­сі­нің ба­лан­стық құ­нын рас­тай­тын құ­жат
    4.
    МЖӘ объ­ек­ті­сі­нің тех­ни­ка­лық жай-күйі ту­ра­лы есеп

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.