Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 118/2 «Тереңкөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің «Тереңкөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 118/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 130784 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
19-жолдағы «Кооперативная» деген сөз «Әйтеке би» деген сөзімен ауыстырылсын;
29-жолдағы «Советов» деген сөз «Астана» деген сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
А. Маңғұтов
«КЕЛІСІЛДІ»
Тереңкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.