Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы, Қашар кенті мекенжайы бойынша орналасқан, жобаланатын № А10-1 жобалық тіректен № 51 УП10-1 тірекке дейінгі ӘЖ-10 кВ трассасын салу мақсатында ауданы 5,8923 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.
2. «Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін «Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның бірінші рет жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
М. Раймбекова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.