Астрахан ауданында қоғамдық тәртіпке қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия бекіту туралы
« Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қоғамдық тәртіпке қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Астрахан ауданы әкіміні 2025 жылғы 19 наурыздағы №07/182 ұсынысына сәйкес, Астрахан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы
М. Қожахмет
Астрахан аудандық мәслихатының
2025 жылғы 28 наурыздағы
№ 8С-34-4 шешіміне 1 қосымша
«Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі комиссиянын құрамы
|
Ерсейітов Талғат Аманбайұлы
|
Астрахан ауданының әкімі, комиссия төрағасы
|
|
Оспанова Ғалия Егімбайқызы
|
Астрахан ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
|
|
Ажикова Тамила Айтмагамбетовна
|
Астрахан ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бас маманы ;
|
|
Жапаров Дархан Нұрланұлы
|
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Астрахан ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісу бойынша)
|
|
Вереина Светлана Геннадиевна
|
Астрахан ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
|
|
Баймолдина Мадина Молдагалиевна
|
Астрахан ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы»;
|
|
Галинов Виталий Витальевич
|
Астрахан ауданының қоғамдык кеңестің төрағасы
(келісу бойынша) ;;
|
|
Абдибеков Нуртас Талгатбекович
|
Астрахан аудандық мәслихатының депутаты (келісу бойынша) ;
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.