Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 желтоқсан 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына, Кентау қалалық жер комиссиясының 2025 жылғы 21 қазандағы №14 қорытындысына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Кентау жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төменде көрсетілген жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін;

    - Кентау қаласындағы жобаланған қуаты 240 МВт болатын газ-турбиналық электр станциясынан 220 кВ Кентау қосалқы стансасына дейінгі екі тізбекті 220 кВ әуе электр жеткізу желісін салу үшін жалпы алаңы 32,2 гектар;

    - Электр станциясының алаңына су беруге арналған су құбыры үшін жалпы алаңы 21,0 гектар;

    - Электр станциясына кәріз жүйесін тарту үшін жалпы алаңы 12,0 гектар;

    2. Жер учаскесін пайдалану барысында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан келісімдері алынсын.

    3. «Кентау жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

    4. «Кентау қаласының әкімдігінің «Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу

    құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Шәріпбековке жүктелсін.

    6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Ж.Тасов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.