Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2025 ж.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, спорт саласындағы мамандар тізбесіне келісім беру туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, спорт саласындағы мамандарға 25 пайыздық үстем ақы белгілей отырып, тізбесіне келісім берілсін.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
Н.Қойбағаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.