Қазалы қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес аумақ халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы, Қазалы қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне:
1)Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесімен қиылысатын №1 атауы жоқ көшеге «Мұрат Қарымсақовтың» есімі;
2)Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесімен қиылысатын №2 атауы жоқ көшеге «Сайфул Әбдразақовтың» есімі;
3)Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесімен қиылысатын №3 атауы жоқ көшеге «Кенжалы Мырзағұловтың» есімі;
4)Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесімен қиылысатын №4 атауы жоқ көшеге «Алтыбай Сағымбаевтың» есімі;
5)Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесімен қиылысатын №5 атауы жоқ көшеге «Әріпбай Бекетовтің» есімі берілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданының әкімі
___________ А.Есмаханов
Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы
___________ Ғ.Әліш
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.