Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қаңтар 2026 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы

    Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Күші жойылған деп танылсын:

    1) «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемерін арттыру туралы» 2018 жылғы 29 қарашадағы № 35/10 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5024 болып тіркелген);

    2) «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 35/10 «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 11/5 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26057 болып тіркелген).

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Елеусизов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.