Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 309 «Қазақстан Республикасының түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қаңтар 2026 ж.

    Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 309 «Қазақстан Республикасының түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 309 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 мамырда № 32404 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. «Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және халықаралық импорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Түпкілікті пайдаланушысының сертификаты және халықаралық импорттық сертификат сыртқы сауда шартына (келісімшартқа) енгізілген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың саны мен номенклатурасына қарамастан бір мәмілеге ресімделеді.

    Түпкілікті пайдаланушысының сертификаты мен халықаралық импорттық сертификат қосарланған және әскери мақсаттағы тауарларға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарларға, сондай-ақ экспорттаушы елдің және (немесе) шығу елі құзыретті органы талап еткен жағдайда беріледі.

    Түпкілікті пайдаланушы сертификаты мен халықаралық импорттық сертификат он таңбалы код көрсетіле отырып Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешіміне сәйкес ресімделеді.»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес құжаттарды «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді.

    Шетел тілдерінде жасалған құжаттар мемлекеттік тіліндегі және/немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.»;

    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.

    Ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері негізінде жауапты орындаушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін - түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық импорттық сертификатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

    Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларды, қосарлы мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезінде түпкілікті пайдаланушысының сертификаттарына экспорттаушы елдің және/немесе шығарылған елдің құзыретті органы бекіткен нысан бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қағаз жеткізгіште қол қояды.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

    1-реттік нөмірдегі жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
    »;
    Негізгі талаптар тізбесіне 1 және 2-қосымша лар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымша ларына сәйкес редакцияда жазылсын;
    Қағидаларға 2 және 4-қосымша лар осы бұйрықтың 3 және 4-қосымша ларына сәйкес редакцияда жазылсын.
    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект

    және цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2026 жылғы 9 қаңтардағы

    № 4 бұйрығына

    1 қосымша

    «Түпкілікті пайдаланушының

    сертификатын және халықаралық

    импорттық сертификатын беру»

    негізгі талаптарының тізбесіне

    1-қосымша

    1-нысан

    Өтініш

    ______________________________________________________________________________________________ (толық көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

    ______________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    жеке тұлғадан, жеке сәйкестендіру нөмірі, № дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама дара кәсіпкер үшін; өтініш берушінің заңды тұлғасының толық атауы, бизнес – сәйкестендіру нөмірі, Өтініш берушінің заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу куәлігінің немесе анықтамасының № - заңды тұлға үшін)

    Мекенжайы ___________________________________________________________________________________

    (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі, телефоны)

    Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын алуға өтініш

    Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын беруіңізді сұраймын.

    Қоса беріледі _ _ _ _ _ _ _ парақ.

    Осы:

    – көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

    – көрсетілетін қызмет алушыға қатысты, қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы сот шешімі (үкімі) заңды күшіне енген жоқ;

    – барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

    Осы арқылы ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған мәліметтерді бергені үшін жауапкершілікке тартылатыным жөнінде хабардармын.

    Өтініш беруші _________________________________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    Толтыру күні 20 __ жылғы «___» _________

    2-нысан

    Өтініш

    ______________________________________________________________________________________________ (толық көрсетілетін қызметті берушінің атауы) ______________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    жеке тұлғадан, жеке сәйкестендіру нөмірі, № дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама – дара кәсіпкер үшін; өтініш берушінің заңды тұлғасының толық атауы, бизнес–сәйкестендіру нөмірі, өтініш берушінің заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу куәлігінің немесе анықтамасының № – заңды тұлға үшін)

    Мекенжайы ___________________________________________________________________________________

    (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі, телефоны)

    Халықаралық импорттық сертификатты алуға өтініш

    Халықаралық импорттық сертификатты беруіңізді сұраймын.

    Қоса беріледі ______ парақ.

    Осы:

    – көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;

    – көрсетілетін қызмет алушыға қатысты, қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы сот шешімі (үкімі) заңды күшіне енген жоқ;

    – барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

    Осы арқылы ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған мәліметтерді бергені үшін жауапкершілікке тартылатыным жөнінде хабардармын.

    Өтініш беруші ________________________________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    Толтыру күні 20 __ жылғы «___» _________

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2026 жылғы 9 қаңтардағы

    № 4 Бұйрығына

    2 қосымша

    «Түпкілікті пайдаланушының

    сертификатын және халықаралық

    импорттық сертификатын беру»

    негізгі талаптарының тізбесіне

    2-қосымша

    Импорттаушының (түпкілікті пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі

    1. Им­порт­та­у­шы (елі, ме­кен­жайы және те­ле­фо­ны) БСН (ЖСН)
    2. Түп­кі­лік­ті пай­да­ла­ну­шы (елі, ме­кен­жайы және те­ле­фо­ны) БСН (ЖСН) (ха­лы­қа­ра­лық им­порт­тық сер­ти­фи­кат ал­ған кез­де осы ба­ған­ды тол­ты­ру та­лап етіл­мей­ді)
    3. Экс­порт­та­у­шы (елі және ме­кен­жайы)
    4. Өнім­ді ор­на­ту және (неме­се) пай­да­ла­ну ор­ны
    5. Өнім­ді ор­на­ту және (неме­се) пай­да­ла­ну ор­ны
    6. Өнім­нің ата­уы және си­патта­ма­сы
    7. Бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның он таң­ба­лы ко­ды
    Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті
    8. Та­у­ар­дың ба­қы­лау ті­зім­де­рі бой­ын­ша ко­ды
    9. Сырт­қы са­уда ке­лі­сі­мі­нің (ке­лі­сім­шар­ты­ның) неме­се өзге де ие­лік­тен шы­ға­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі, кү­ні
    10. Өл­шем бір­лі­гі
    11. Са­ны
    12. Им­порт­та­у­шы (түп­кі­лік­ті пай­да­ла­ну­шы) 6-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген өнім­ді 2-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген түп­кі­лік­ті пай­да­ла­ну­шы­ға дей­ін және 4-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген өнім­ді ор­на­ту және (неме­се) пай­да­ла­ну ор­ны­на дей­ін им­порт­та­у­ға мін­дет­те­не­ді.
    Им­порт­та­у­шы (түп­кі­лік­ті пай­да­ла­ну­шы) 6-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген өнім­ді 5-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген мақ­сат­тар­да пай­да­ла­ну­ға, оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да­ғы бас­қа заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ға бер­ме­у­ге және оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өзін­дік ерекше­лі­гі бар та­у­ар­лар­ды ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны­ның рұқ­са­тын­сыз және экс­порт­та­у­шы ел­дің өзін­дік ерекше­лі­гі бар та­у­ар­лар­ды ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның ке­лі­сі­мін­сіз қай­та экс­порт­та­мау­ға мін­дет­те­не­ді.
    13.Им­порт­та­у­шы
    Аты-жө­ні (болған жағ­дай­да)
    Ла­у­а­зы­мы
    Кү­ні
    14. Түп­кі­лік­ті пай­да­ла­ну­шы
    Аты-жө­ні (болған жағ­дай­да)
    Ла­у­а­зы­мы
    Кү­ні

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2026 жылғы 9 қаңтардағы

    № 4 бұйрығына

    3 қосымша

    Түпкілікті пайдаланушының

    сертификатын және халықаралық

    импорттық сертификатын

    ресімдеу және беру қағидалары

    мен біліктілік талаптарына

    2 - қосымша

    «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
    Республиканское государственное учреждение «Комитет промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
    Астана қ.
    г. Астана
    Берілген күні:
    [Шығарылған күні] жылы
    Нөмір: [Құжат нөмірі]
    [Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН / ЖСН]
    Дәлелді бас тарту
    «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Сіздің өтінішіңізді [жыл] № [кіріс құжатының нөмірі] қарағаннан кейін мынаны хабарлайды:
    [Бас тарту негіздемесі]
    [Қол қоюшының лауазымы]
    [Қол қоюшының Т. А. Ә.
    (бар болса)]

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2026 жылғы 9 қаңтардағы

    № 4 бұйрығына

    4 қосымша

    Түпкілікті пайдаланушының

    сертификатын және халықаралық

    импорттық сертификатын ресімдеу

    және беру қағидалары

    мен біліктілік талаптарына

    4-қосымша

    1 нысан

    «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
    Республиканское государственное учреждение «Комитет промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
    ТҮПКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУШЫСЫНЫҢ СЕРТИФИКАТЫ
    № СЕР­ТИ­ФИ­КАТ
    1. Им­порт­та­у­шы (елі, ме­кен­жайы және те­ле­фо­ны) БСН (ЖСН)
    2. Түп­кі­лік­ті пай­да­ла­ну­шы (елі, ме­кен­жайы және те­ле­фо­ны) БСН (ЖСН)
    3. Экс­порт­та­у­шы (ел, ме­кен-жайы)
    4. Өзің­дік ерекше­лі­гі бар та­у­ар­дың ор­на­ты­ла­тын және (неме­се) пай­да­ла­ны­ла­тын ор­ны
    5. Өзін­дік ерекше­лі­гі бар та­у­ар­ды пай­да­ла­ну мақ­са­ты:
    6. Та­у­ар­дың ата­уы және си­патта­ма­сы
    7. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның он таң­ба­лы ко­ды
    8. Та­у­ар­дың ба­қы­лау ті­зім­де­рі бой­ын­ша ко­ды
    9.Өл­шем бір­лі­гі
    10.Са­ны
    11. Сырт­қы са­уда ке­лі­сі­мі­нің (ке­лі­сім­шар­ты­ның) неме­се өзге де ие­лік­тен шы­ға­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі, кү­ні
    12. Осы ар­қы­лы 6-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген өзін­дік ерекше­лі­гі бар та­у­ар­лар­дың 5-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген мақ­сат­тар­да пай­да­ла­ны­ла­ты­ны және үшін­ші ел­дер­ге қай­та экс­порт­тал­май­ты­ны, сон­дай-ақ үшін­ші тұ­лға­лар­ға бе­ріл­мей­ті­ні, экс­порт­та­у­шы ел­дің (неме­се) шық­қан ел­дің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­ның және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның рұқ­са­тын­сыз қол­да­ныл­май­ты­ны рас­та­ла­ды.
    Осы құ­жат қол қой­ы­л­ған күн­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де экс­порт­та­у­шы ел­дің уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны­на ұсы­ны­луы ти­іс.
    2 нысан
    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИМПОРТТЫҚ СЕРТИФИКАТ
    № СЕР­ТИ­ФИ­КАТ
    1. Им­порт­та­у­шы (елі, ме­кен­жайы және те­ле­фо­ны) БСН (ЖСН)
    2. Экс­порт­та­у­шы (ел, ме­кен-жайы)
    3. Ерекше та­у­ар­дың ата­уы
    4. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның он таң­ба­лы ко­ды
    5. Та­у­ар­дың ба­қы­лау ті­зім­де­рі бой­ын­ша ко­ды
    6. Өл­шем бір­лі­гі
    7. Са­ны
    8. Сырт­қы са­уда ке­лі­сі­мі­нің (ке­лі­сім­шар­ты­ның) неме­се өзге де ие­лік­тен шы­ға­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі, кү­ні
    9. Осы­мен 3-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген өзің­дік ерекше­лі­гі бар та­у­ар­лар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на им­порт­та­ла­ты­ны және экс­порт­та­у­шы ел­дің және (неме­се) шы­ға­ры­л­ған ел­дің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­ның және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның рұқ­са­тын­сыз үшін­ші ел­дер­ге және үшін­ші тұ­лға­лар­ға бе­ріл­мей­ті­ні рас­та­ла­ды.
    Осы құ­жат қол қой­ы­л­ған күн­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де экс­порт­та­у­шы ел­дің уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны­на ұсы­ны­лу­ға ти­іс.
    10. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өзін­дік ерекше­лі­гі бар та­у­ар­лар­ды ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­га­ны
    Аты-жө­ні. (болған жағ­дай­да)
    Ла­у­а­зы­мы
    кү­ні

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.