Атырау қаласы мен Атырау облысының аудан орталықтарының сәулеттiк-эстетикалық бейнесiн жақсарту және көрiктендiру жөнiндегi шаралар туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Атырау қаласы мен Атырау облысының аудан орталықтарының сәулеттiк-эстетикалық бейнесiн жақсарту және көрiктендiру жөнiндегi шаралар туралы

    Соңғы кезде Атырау қаласында жаңа ғимараттар және құрылыстар белсендi түрде жүргiзiлуде,үйдiң қас беттерi жндөелуде, тұрғынүйлердiң бiрiншi қабаттары сауда объектiлерi және қызмет көрсету салаларын орналастыруүшiн қайта жоспарлану арқылы жаңғыртылуда. Дегенмен, кейде орындалатын жұмыстар сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасының келiсiмiнсiз, бiрыңғай жобасыз жүргiзiледi, ол суәлеттiк шешiм тұтастығын және қызмет талаптарын бұзуға әкелiп соқтырады.

    Қаланың өз iшiнiң табиғи ластануы мол және олар тек шаңды боранның көптiгiмен ғана емес, сонымен бiрге шаң басудың мол сөздерiмен де ерекшеленедi: топырақ бетi ашық, жабылмаған, көрiктендiрiлмегенүлкен алаң кеңiстiктер, құрылыс жұмыстарын жүргiзуүшiн қазылған телiмдер, қала iшiнде шаруашылық жұмыстары кезiнде қазылып қалған, өтер жолдар мен тротуарлар, топырақтың тұздануы, соның салдарынан жер деңгейiнiң отыруы, жаңбыр, қар суларының ойыс жерлерге тұрып қалуы - осылардың бәрi қала тұрғындарына қолайсыз экологиялық және эстетикалық жағдай тудырып отыр.

    Бас жоспарды және қала аумағын жоспарлау жобаларын жүзеге асыру, сонымен бiрге халықтың тұруына қолайлы жағдай жасау, қалалық ортаны бiрыңғай сәулеттiк - қала құрылысы шешiмiмен қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

    1. Атырау қаласының әкiмi (Тұрғанов Д.), облыстық сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасы (Бөкебай С.), облыстық құрылыс кешенi және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы (Әшiмғалиев А.) меншiк нысанына қарамастан өз балансында ғимараттар, құрылыстар мен тұрғынүйлерi бар ұйымдар мен кәсiпорындар тiзбесiн белгiлесiн. өздерiне жақын орналасқан аумақтарды жобалау, сәулеттiк безендiру,үйдiң қас беттерiн жаңғырту және көрiктендiру жұмыстарын ұйымдастырсын.

    2. Меншiк түрiне қарамастан Атырау қаласы мен облыс аудандары аумағындағы өз балансында ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үйлерi бар ұйымдар, кәсiпорындар 2001-2002 жылы облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесiнде бекiтiлген кесте мен жобаларға сәйкес маңайындағы аумақтарды көрiктендiру және ғимараттар қас беттерiн кешендi жаңғыртуды жүзеге асырсын.

    Барлық кәсiпорын және ұйымдардың басшылары 2001 жылғы 15 сәуiрге дейiн Атырау қаласы мен аудандар әкiмдерiне жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзудiң күнтiзбелiк кестесiн ұсынсын.

    3. Атырау қаласы мен аудандар әкiмдерi бюджеттiк ұйымдар объектiлерi үшiн жақын орналасқан аумақты көрiктендiру менүй қас беттерiн безендiру жөнiндегi жұмыстар клемiн белгiлесiн.

    4. Облыс әкiмiнiң баспасөз хатшысы (Байменшина Н.) осы жұмыстардың орындалу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жарияланып тұруын ұйымдастырсын.

    5. Атырау қаласы және аудандар әкiмдерi кәсiпорын және ұйымдар басшыларын осы шешiмнiң орындалу барысы туралыүнемi тыңдап тұратын болсын.

    6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Мақашевқа жүктелсiн.

    Облыс әкімі

    С.Дәукеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.