Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы «Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізумен қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантиндік аймақты белгілеу туралы» № 193/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 қаңтар 2026 ж.

    Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы «Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізумен қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантиндік аймақты белгілеу туралы» № 193/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы «Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізумен қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантиндік аймақты белгілеу туралы» № 193/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6444 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Обылыс әкімі

    А. Байханов

    Павлодар облысы

    әкімдігінің 2025 жылғы

    ___________________

    № _______ қаулысына

    қосымша

    Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізумен қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантиндік аймақтар

    Облыс қалалары мен аудандары
    Ауылдық округ
    Таралу шекарасы
    Алаңы,
    га
    1
    Аққулы
    Малыбай
    Көкжал орманшылығы, 99 квартал
    20
    Аудан бойынша барлығы:
    20
    2
    Баянауыл
    Баянауыл
    Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Жасыбай орманшылығы 48 квартал
    1
    Аудан бойынша барлығы:
    2
    3
    Шарбақты
    Галкин
    Мемлекеттік жер қоры
    20
    Аудан бойынша барлығы:
    20
    Облыс бойынша барлығы:
    41

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.