«Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:
реттік нөмірлері 155, 356, 358, 362, 363, 369, 382, 386, 497 жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 61-6, 61-7, 61-8, 61-9, 61-10, 61-11 жолдармен толықтырылсын:
«
|
61-6.
|
Аққала 1 Төрткүлі (ортағасыр)
|
археология
|
Кеңес ауылының оңтүстігінен 3,5 шақырым жерде Кеңес су қоймасының сол жағалауында орналасқан.
Географиялық координаттары: 42 T 692822 4784014
|
|
61-7.
|
Аққала 2 Төрткүлі (ортағасыр)
|
археология
|
Кеңес ауылының оңтүстігінен 3,5 шақырым жерде Кеңес су қоймасының оң жағалауында орналасқан.
Географиялық координаттары: 42 T 693171 4783907
|
|
61-8.
|
Оба
(ерте темір дәуірі)
|
археология
|
Тараз-Ақшолақ тас жолынан 1,7 шақырым оңтүстік бағытта, әскери базаның оңтүстік шетінде орналасқан. Географиялық координаттары: 42 T 715569 4762974
|
|
61-9.
|
Оба
(ерте темір дәуірі)
|
археология
|
Базарбай ауылының оңтүстік-батысында 1,5 шақырым қашықтықта, ауылға барар жолдың оң жақ бойында, егістік алқабының ортаңғы бөлігінде орналасқан.
Географиялық координаттары: 42 Т 711204 4767582
|
|
61-10.
|
Төрткүл
(X-XII ғғ.)
|
археология
|
Тегістік ауылының солтүстік-батыс жағында 14 шақырым қашықтықта орналасқан. Географиялық координаттары: 42 Т 686752 4809769
|
|
61-11.
|
Арна төрткүлі (ортағасыр)
|
археология
|
Тегістік ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6 шақырым жерде жазық алқапта орналасқан.
Географиялық координаттары: 43°22'30.18"С 71° 23'03.27"В
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 141-1, 141-2, 141-3, 141-4, 141-5, 141-6 жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
141-1.
|
Тоғыз құмалақ тас тақтасы
(ортағасыр)
|
археология
|
Қызылтаң ауылынан солтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Географиялық координаттары: 42 T 670504 4749741
|
|
141-2.
|
Обалар (2)
(ерте темір дәуірі)
|
археология
|
Шайдана ауылының солтүстігінде 5 шақырым қашықтықта, Сеңгірбай су қоймасына баратын тас жолдан 3,5 шақырым жерде орналасқан.
Географиялық координаттары:
42 T 679502 4779908
|
|
141-3.
|
Қалажұрт
(Х-ХІІ ғғ.)
|
археология
|
Айша бибі ауылының оңтүстік-батысында 15 шақырым қашықтықта, «Қызылтаң» сауықтыру орталығының оңтүстік-батысында 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Географиялық координаттары:
42 Т 662050 4745430
|
|
141-4.
|
Мекенжұрт
(VII- ІХ ғғ.)
|
археология
|
Айша бибі ауылы, «Қызылтаң» сауықтыру орталығының оңтүстік-шығыс жағында
2 шақырым қашықтықта орналасқан.
Географиялық координаттары: 42 Т 0666717 UTM 4745719
|
|
141-5.
|
Құмсуат төрткүлі (ортағасыр)
|
археология
|
Құмсуат ауылының батысында орналасқан.
Географиялық координаттары: 43°04'01.69"С 71° 28'44.10"В
|
|
141-6.
|
Жұма төрткүлі
(ортағасыр)
|
археология
|
Жұма ауылының оңтүстігіне қарай 600 метр жерде ескі арнаның бойында орналасқан. Географиялық координаттары:
42Т 655992 4770633
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 200-1, 200-2, 200-3 жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
200-1.
|
Ақтөбе қалажұрты
(I-V ғғ.)
|
археология
|
Ақтөбе ауылының солтүстік-шығыс бұрышында орналасқан.
Географиялық координаттары:
42 Т 666039 4725921
|
|
200-2.
|
Күйік төрткүлі (ортағасыр)
|
археология
|
Нұрлыкент ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 шақырым қашықтықта, Батыс Европа - Батыс Қытай автожолының оң жағынан 0,9 шақырым жерде орналасқан.
Географиялық координаттары: 42 T 660279 4734505
|
|
200-3.
|
Төрткүл Құлансай
(ортағасыр)
|
археология
|
Шақпақ ата ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10,6 шақырым жерде орналасқан. Географиялық координаттары:
42 Т 625699 4719368
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 311-1, 311-2 жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
311-1.
|
Ыстөбе обасы
(ерте темір дәуірі)
|
археология
|
Ауқатты ауылының солтүстік-батысында 5,4 шақырым жерде орналасқан.
Географиялық координаттары: 43Т 508172 4754307
|
|
311-2.
|
Тоспалы жартас суреттері
(қола дәуірі)
|
археология
|
1-ші Күнбатыс ауылының солтүстігінде 3,5 шақырым жерде, Батыс Жіңішке өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Географиялық координаттары: 42Т 519226 4760099
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 384-1, 384-2, 384-3 жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
384-1.
|
Кенесары хан ескерткіші
2023 жыл
|
монументтік өнер құрылысы
|
Жамбыл ауылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының бойында орналасқан.
Географиялық координаттары:
43Т 350122 4751541
|
|
384-2.
|
Жалөрік төрткүлі
(XI-XII ғғ.)
|
археология
|
Меркі ауылынан 8 шақырым оңтүстік-шығыста, тау алды тегіс беткейде орналасқан.
Географиялық координаттары: 42°48'05.15"С 73° 14'53.14"В
|
|
384-3.
|
Талдыбұлақ төрткүлі
(XI-XII ғғ.)
|
археология
|
Талдыбұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан.
Географиялық координаттары: 42°47'03.09"С 73° 07'26.62"В
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 407-1, 407-2, 407-3, 407-4 жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
407-1.
|
Төрткүл бекінісі
Қызылқорған
(ортағасыр)
|
археология
|
Ұланбел ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан. Географиялық координаттары: 42 T 664993 4964289
|
|
407-2.
|
Орта-Ақтөбе қалажұрты
(VIII-XII ғғ.)
|
археология
|
Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 12 шақырым қашықтықта, «Үлкен Ақтөбе» қалажұртынан солтүстік батысқа қарай 6,5 шақырым жерде орналасқан. Географиялық координаттары: 43 T 353173 4906524
|
|
407-3.
|
Жазық төрткүлі
(кейінгі ортағасыр)
|
археология
|
Жамбыл ауылынан солтүстік-шығыста 9 шақырым жерде, Шу өзенінің оң жағалауындағы ескі арнаның бойында орналасқан.
Географиялық координаттары: 44°21'18.91"С 73° 07'02.76"В
|
|
407-4.
|
Құралай сұлу кесенесі
(ХVIII ғ. аяғы мен ХIХ ғ. басы)
|
қала құрылысы және сәулет
|
Кіші Қамқалы ауылының оңтүстік-шығысында 8 шақырым жерде орналасқан.
Географиялық координаттары: 42 Т 706454 4953286
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 447-1, 447-2, 447-3, 447-4 жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
447-1.
|
Бұртыбай қалажұрты
(VIII-XII ғғ.)
|
археология
|
Жаңатас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта, Үшбас өзенінің сол жағалауында, Бұртыбай өзеніне құяр тұсында орналасқан.
Географиялық координаттары: с.е. 43030’31.0’’,
ш.б. 069032’17.0’’
|
|
447-2.
|
Ақтоғай петроглифтері
(Қола және ерте темір дәуірі)
|
археология
|
Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3,5 шақырым қашықтықта, Ақтоғай өзенінің сол жағасында орналасқан. Географиялық координаттары: 42Т 569750 4810670
|
|
447-3.
|
Бүркітті ортағасырлық қалажұрты
(VIII-ХІІ ғғ.)
|
археология
|
Жаңатас қаласының орталығында, Бүркітті өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Географиялық координаттары: 42Т 559316 4823929
|
|
447-4.
|
Бүркіт 1 обалы қорымы
(ерте темір дәуірі)
|
археология
|
Жаңатас қаласы Бүркітті өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Географиялық координаттары: с.е. 43033’59.21’’,
ш.б. 069044’14.87’’
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 506-1 жолмен толықтырылсын:
«
|
|
506-1.
|
Бөлтірік шешен кесенесі
1997 жыл
|
қала құрылсы және сәулет
|
Сейілбек ауылынан 1 шақырым солтүстік-шығыста, Қарақожа мешітінің қасындағы биік емес төбенің үстінде орналасқан. Географиялық координаттары: 42 T 660957 4856996
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 718, 719, 720, 721, 722, 723, 724, 725 жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
718.
|
Бауыржан Момышұлы бюсті
1990 жыл
|
монументтік өнер құрылысы
|
Тараз қаласы, «Самал» мөлтек ауданы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ қлассикалық гимназиясының ауласында орналасқан.
Географиялық координаттары: 42°53'03.58"С 71° 20'43.33"В
|
|
719.
|
Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші
2018 жыл
|
монументтік өнер құрылысы
|
Тараз қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағының аумағында орналасқан. Географиялық координаттары: 42°54'01.39"С 71° 22'11.78"В
|
|
720.
|
Шерхан Мұртаза ескерткіші
2022 жыл
|
монументтік өнер құрылысы
|
Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы бойында Халықаралық Тараз инновациялық институты ғимаратының алдында орналасқан.
Географиялық координаттары: 42°54'47.03"С 71° 22'20.44"В
|
|
721.
|
Дінмұхамед Қонаев ескерткіші
2022 жыл
|
монументтік өнер құрылысы
|
Тараз қаласы, Абай даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысында орналасқан. Географиялық координаттары: 42 T 694121 4751723
|
|
722.
|
Баймырзаұлы Балуан Шолақ ескерткіші
2013 жыл
|
монументтік өнер құрылысы
|
Тараз қаласы, Тәуке хан көшесі №22, «Тараз-Арена» спорттық кешені ғимаратының алдында орналасқан.
Географиялық координаттары: 42Т 689006 4750999
|
|
723.
|
Ықылас Дүкенұлы ескерткіші
2008 жыл
|
монументтік өнер құрылысы
|
Тараз қаласы, Рахимов көшесі №55, Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан.
Географиялық координаттары: 42Т 691725 4753014
|
|
724.
|
Асқар Тоқпанов ескерткіші
2019 жыл
|
монументтік өнер құрылысы
|
Тараз қаласы, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ғимаратының алдында орналасқан.
Географиялық координаттары: 42Т 694241 4752628
|
|
725.
|
Кенен Әзірбаев ескерткіші
2019 жыл
|
монументтік өнер құрылысы
|
Тараз қаласы, «Баласағұн» орталық концерт залы ғимаратының алдында орналасқан.
Географиялық координаттары: 42Т 692007 4752451
».
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауын;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Жамбыл облысының әкімі
Е. Қарашөкеев
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы
Е. Жүнісбай
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.