Бейнеу ауылындағы атауы қайталанатын көшелердің атауын өзгерту туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 қаңтар 2026 ж.

    Бейнеу ауылындағы атауы қайталанатын көшелердің атауын өзгерту туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта алу, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес, Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Бейнеу ауылындағы атауы қайталанатын көшелерге келесі атаулар берілсін:

    1) Әділ көшесіне – Отырар көшесі;

    2) Қаныш Сәтбаев көшесіне – Күлтөбе көшесі;

    3) Амантұрлы көшесіне – Бозжыра көшесі;

    4) Шағырлы көшесіне – Тамшалы көшесі;

    5) Есекмерген көшесіне – Тыныштық Төленов көшесі;

    6) Қашаған көшесіне – Қорабай Мекеев көшесі;

    7) Досат көшесіне – Дүйсенғали Көшеров көшесі;

    8) М.Жұмабаев көшесіне – Жылқыбай Қосаманов көшесі.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

    Бейнеу ауылының әкімі

    Н.Кенбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.