Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы «Жамбыл ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» № 25-124 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы «Жамбыл ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» № 25-124 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Алматы облысы Әділет департаментінде № 6191-05 болып тіркелді).
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы
М. Амиргалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.