Жер салығының мөлшерлемелері туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қаңтар 2026 ж.

    Жер салығының мөлшерлемелері туралы

    Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 582-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Кодекстің  577 және 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.

    Осы тармақтың ережесі Кодекстің 581-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

    2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы

    А. Рахметова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.