«Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №5 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабын басшылыққа алып Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №5 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3100 тіркелген, 2015 жылғы 19, 26 ақпанда «Нарын таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Өтеғалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі
Т.Сұлтанбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.