Сүмбе ауылдық округі Сүмбе, Шошанай ауылдарының көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сүмбе ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай екінші көшені – Күрішбек Көжекбайұлы көшесі, шығыстан батысқа қарай бесінші көшені – Байжұма Сарбасов көшесі, шығыстан батысқа қарай сегізінші көшені – Ағожа Нүкеев көшесі, шығыстан батысқа қарай тоғызыншы көшені – Шаяхмет Абеков көшесі, Шошанай ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай төртінші көшені – Дүйсен Демесінов көшесі деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Б.Солтанбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.