«2024-2029 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде ұсынылатын жайылым айналымының сызбаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылдың 08 желтоқсанындағы № 322 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2024-2029 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде ұсынылатын жайылым айналымының сызбаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылдың 08 желтоқсанындағы № 322 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы және мәтіні бойынша «2024-2029» деген сандар «2026-2030» деген сандарға өзгертілсін.
2. Осы қауылының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
А. Бектасов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.