«Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № А-8/271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қаңтар 2026 ж.

    «Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № А-8/271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № А-8/271 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 213655 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

    ««Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Степногорск қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Степногорск қаласының әкімі

    Г. Қасенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.