Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қаңтар 2026 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

    2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қ.Тоқаев

    Қазақстан Республикасы

    Президентінің

    2026 жылғы 8 қаңтардағы

    № 1152 Жарлығымен

    БЕКІТІЛГЕН

    Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

    1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Көлік министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.»;

    19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан тарапынан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Әділет, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссияның мүшелері болып табылады.».

    2. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:

    3-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «20) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12), 13), 14), 15), 16), 19), 21) тармақшалары, 12-бабының 3), 13), 22) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;».

    3. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

    «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі».

    4. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі» деген жол алып тасталсын.

    5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі» деген жол алып тасталсын;

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

    «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі».

    6. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:

    186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «186. Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Президент Әкімшілігінің Басшысы, Сыртқы істер министрі және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қатысады.»;

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымша мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

    «16-1. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары»;

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:

    мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

    «17-1. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары»;

    18-тармақ алып тасталсын;

    32-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «32-1. Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі»;

    мынадай мазмұндағы 32-2-тармақпен толықтырылсын:

    «32-2. Президенттің кеңесшілері».

    7. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Мемлекеттік комиссия төраға мен Мемлекеттік комиссия мүшелерінен тұрады.»;

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның лауазымдық құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген жол алып тасталсын.

    8. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Әкімшіліктің құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (бұдан әрі – Әкімшілік Басшысы), Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары және орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.»;

    24-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) өзінің бірінші орынбасарының және орынбасарларының, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілерінің жұмысын үйлестіреді, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

    3) Президентпен келісу бойынша өзінің бірінші орынбасары мен орынбасарлары, Кеңсе бастығы, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері арасындағы міндеттер бөлінісін (бұдан әрі – Бөлініс) бекітеді;

    4) Президенттің қарауына өзінің бірінші орынбасарын және орынбасарларын, Президенттің көмекшілерін және кеңесшілерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгізеді;»;

    25, 26-тармақтар және 27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «25. Әкімшілік Басшысы орнында болмаған жағдайда оның міндеттерін Әкімшілік Басшысы айқындайтын бірінші орынбасары немесе орынбасарларының бірі атқарады.

    26. Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларын, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілерін, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Әкімшілік Басшысының ұсынуы бойынша Президент лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

    27. Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарлары, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері:»;

    29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «29. Президент міндеттердің бірінші кезектілігі мен маңыздылығына қарай Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, өзінің көмекшілері мен кеңесшілеріне осы Ережеде көзделгеннен ерекшеленетін өзге де міндеттер мен өкілеттіктерді жүктеуі мүмкін. Президент өзінің көмекшілері мен кеңесшілерінің санын және олардың қызметінің бағыттарын айқындайды.».

    9. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында:

    31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «СІМ өз құзыреті шегінде Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісіне Қазақстан Республикасы Президентінің деңгейінде тапсырманың жобасын дайындаудың орындылығы туралы негізделген ұсыныс енгізе алады.»;

    32-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «32-1. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі тапсырмалардың жобасын үш жұмыс күні ішінде Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісімен, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарымен және орынбасарларымен, мүдделі құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ететін Президенттің көмекшілерімен, Президент Кеңсесінің бастығымен және Президенттің кеңесшілерімен, Мемлекеттік құқық бөлімімен және Жалпы бөліммен, сондай-ақ басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелермен электрондық түрде келіседі.».

    10. «Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережеде:

    10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың тұрақты мүшелері мыналар болып табылады:

    1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (басшының орынбасары);

    2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы (басшының орынбасары);

    3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

    4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;

    5) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;

    6) Қазақстан Республикасының Көлік министрі;

    7) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;

    8) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі;

    9) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.».

    11. «Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:

    6-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «18) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;».

    12. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

    Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:

    12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары.»;

    мынадай мазмұндағы 12-2-тармақпен толықтырылсын:

    «12-2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары.».

    13. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің құрамында:

    «Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, хатшы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі» деген жол алып тасталсын.

    14. «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары».

    15. «Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

    «

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің Тө­ра­ға­сы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті
    »
    деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
    «
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Әкім­ші­лі­гі Бас­шы­сы­ның орын­ба­сар­ла­ры
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті
    ».
    16. «Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында:
    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларында:
    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі; Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері мен кеңесшілері; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет тағайындалатын адамдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бір рет ант береді.».
    17. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:
    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
    «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, төрағаның орынбасары»;
    «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі, хатшы»;
    «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
    «Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін көмекшісі»;
    «Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі» деген жол алып тасталсын;
    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі»;
    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі»;
    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «4. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
    18. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 414 Жарлығында:
    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамында:
    «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;
    «Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі» деген жол алып тасталсын.
    19. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 879 Жарлығында:
    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның құрамында:
    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары».
    20. «Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 881 Жарлығында:
    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес туралы ережеде:
    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «6. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі – Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.»;
    11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
    «11. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Кеңестің хатшысы болып табылады.
    12. Қазақстан тарапынан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Кеңестің мүшелері болып табылады.».
    21. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде:
    жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:
    «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;
    «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі»;
    «Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі» деген жол алып тасталсын.
    22. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 қазандағы № 60 өкімінде:
    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің дербес құрамы мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    Бек­те­нов Ол­жас Абай­ұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-Ми­ни­стрі
    Скляр Ро­ман Ва­си­лье­вич
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің бі­рін­ші орын­ба­са­ры
    Асы­лов Бе­рік Но­ғай­ұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас Про­ку­ро­ры
    Жұ­ман­ға­рин Се­рік Ма­қа­шұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі
    До­са­ев Ер­бо­лат Ас­қар­бе­кұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Әкім­ші­лі­гі Бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
    Са­па­ров Ай­дар­бек Сей­пі­лұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі
    Та­ки­ев Мә­ди Тө­ке­шұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стрі
    Шақ­қа­ли­ев Ар­ман Абай­ұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­уда және ин­те­гра­ция ми­ни­стрі
    Сәр­сем­ба­ев Ер­лан Жақ­сы­лы­құ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стрі
    На­ға­спа­ев Ер­сай­ын Қай­ыр­ға­зы­ұлы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стрі
    Әб­ді­ра­за­қов Ел­дар Со­ве­тұ­лы
    «Ком­меск-Өмір» сақ­тан­ды­ру ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Айт­жа­нов Ас­хат Әб­ді­рах­ма­нұ­лы
    «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның тө­рал­қа мү­ше­сі, Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша өңір­лік ке­ңе­сі­нің тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Ақ­шо­ла­қов Бо­лат Ора­лұ­лы
    «KAZENERGY» Қа­зақ­стан мұ­най-газ және энер­ге­ти­ка ке­ше­ні ұй­ым­да­ры­ның қа­уым­да­стығы заң­ды тұ­лға­лар бір­ле­сті­гі­нің және «Қа­зақ­стан­ның ин­ве­стор­лар қа­уым­да­стығы» заң­ды тұ­лға­лар бір­ле­сті­гі­нің тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Әк­пар Ду­лат Бек­ма­на­пұ­лы
    «Нәти­же» сүт фаб­ри­ка­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің бас ди­рек­то­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Ба­та­лов Рай­ым­бек Әну­а­рұ­лы
    «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның тө­рал­қа тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Бо­га­чев Сер­гей Ни­ко­ла­е­вич
    «Авиа Центр Ка­зах­стан» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің бас­шы­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Бо­лат­жан Әсем
    «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның тө­рал­қа мү­ше­сі, Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар, бі­лім және ин­но­ва­ци­я­лар ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Дай­ра­ба­ев Жи­гу­ли Мол­да­қа­лы­құ­лы
    «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның тө­рал­қа мү­ше­сі, Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Дос­ке­нов Тал­ғат Қас­ке­нұ­лы
    «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның тө­рал­қа мү­ше­сі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Ес­кен­ді­ров Мұ­қаш Зұл­қар­най­ұ­лы
    «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның тө­рал­қа мү­ше­сі, Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша өңір­лік ке­ңе­сі­нің тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Иб­ра­ев Қа­нат Сұл­та­нұ­лы
    «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның тө­рал­қа мү­ше­сі, Өң­деу өнер­к­ә­сі­бі ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы, «DD21» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің ди­рек­то­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Қа­ни­ев Бе­рік Сер­ә­лі­ұлы
    «Lancaster Group» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Ов­сян­ни­ков Вла­ди­мир Вя­че­сла­во­вич
    «Method» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің ди­рек­то­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Под­ва­лов Алек­сандр Юрье­вич
    «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның тө­рал­қа мү­ше­сі, Аста­на қа­ла­сы бой­ын­ша өңір­лік ке­ңе­сі­нің тө­ра­ға­сы, «AG TECH» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің бас ди­рек­то­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Ра­до­сто­вец Ни­ко­лай Вла­ди­ми­ро­вич
    «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның тө­рал­қа мү­ше­сі, Гео­ло­гия са­ла­сы, тау-кен, кө­мір өн­ді­ру және ме­тал­лур­гия өнер­к­ә­сі­бі ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Рахым­ба­ев Ай­дын Жұ­ма­ді­лұ­лы
    «BI Group» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Сма­ғұ­лов Нұр­лан Ер­ке­бұ­ла­нұ­лы
    «Astana Group» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің пре­зи­ден­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Ша­ях­ме­то­ва Үміт Бо­латхан­қы­зы
    «Қа­зақ­стан ха­лық бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­қар­ма тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Іли­я­сов Ер­ке­бұ­лан Сай­дол­ла­ұ­лы
    «AlageumGroup» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    ».
    23. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 174 өкімінде:
    жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамында:
    «Қазақстан тарапынан Кеңес мүшелері» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    Қа­зақ­стан та­ра­пы­нан Ке­ңес мү­ше­ле­рі:
    Бек­те­нов Ол­жас Абай­ұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-Ми­ни­стрі
    Сү­лей­ме­нов Ти­мур Мұ­ра­тұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің Тө­ра­ға­сы
    Скляр Ро­ман Ва­си­лье­вич
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің бі­рін­ші орын­ба­са­ры
    Қой­шы­ба­ев Ға­лым­жан Тель­ма­нұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Үкі­мет Ап­па­ра­ты­ның Бас­шы­сы
    Жұ­ман­ға­рин Се­рік Ма­қа­шұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі
    Бозым­ба­ев Қа­нат Ал­даб­ер­ге­нұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры
    Мә­ди­ев Жаслан Ха­се­нұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Жа­сан­ды ин­тел­лект және цифр­лық да­му ми­ни­стрі
    Ба­ла­е­ва Аида Ға­лым­қы­зы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стрі
    До­са­ев Ер­бо­лат Ас­қар­бе­кұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Әкім­ші­лі­гі Бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
    Нұр­ті­леу Мұ­рат Әбу­ға­ли­ұлы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің ха­лы­қа­ра­лық ин­ве­сти­ция және са­уда ын­ты­мақ­та­стығы жө­нін­де­гі кө­мек­ші­сі
    Кө­шер­ба­ев Ер­мек Бе­дел­бай­ұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі
    Та­ки­ев Мә­ди Тө­ке­шұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стрі
    На­ға­спа­ев Ер­сай­ын Қай­ыр­ға­зы­ұлы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стрі
    Оспан­құ­лов Ға­би­дол­ла Аб­дол­ла­ұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі Ин­ве­сти­ция ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы
    Қа­ра­ғой­шин Ру­стам Ти­му­рұ­лы
    «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­қар­ма тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    ».
    24. «Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 237 өкімінде:
    жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің дербес құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
    __________________________

    Қазақстан Республикасы

    Президентінің

    2026 жылғы 8 қаңтардағы

    № 1152 Жарлығымен бекітілген

    Қазақстан Республикасы

    Президентінің кейбір

    актілеріне енгізілетін

    өзгерістер мен толықтыруларға

    ҚОСЫМША

    Қазақстан Республикасы

    Президентінің

    2025 жылғы 4 қыркүйектегі

    № 237 өкімімен

    БЕКІТІЛГЕН

    Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ

    Кеңестің мүшелері: (Қазақстан тарапынан)

    Бек­те­нов Ол­жас Абай­ұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-Ми­ни­стрі
    Дә­де­бай Ай­бек Ар­қа­бай­ұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті Әкім­ші­лі­гі­нің Бас­шы­сы
    Са­ғым­ба­ев Ер­мек Ал­даб­ер­ге­нұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің Тө­ра­ға­сы
    Жа­қы­пов Нұр­лан Қар­шы­ғаұ­лы
    «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­қар­ма тө­ра­ға­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Мә­ди­ев Жаслан Ха­се­нұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Жа­сан­ды ин­тел­лект және цифр­лық да­му ми­ни­стрі
    До­са­ев Ер­бо­лат Ас­қар­бе­кұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Әкім­ші­лі­гі Бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
    Жа­на­со­ва Әсел Жұ­ба­ныш­қы­зы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Әкім­ші­лі­гі Бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
    Есе­ке­ев Қу­а­ныш­бек Ба­қыт­бе­кұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің кө­мек­ші­сі
    Кө­шер­ба­ев Ер­мек Бе­дел­бай­ұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі
    Нұр­бек Са­я­сат
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стрі
    Ла­зар Ер­нар Мер­ға­лы­мұ­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің ха­лы­қа­ра­лық мә­се­ле­лер жө­нін­де­гі ке­ңес­ші­сі

    Кеңестің мүшелері: (шетел тарапынан)

    әл-Маз­руи Эб­те­сам
    Бі­рік­кен Ұлт­тар Ұй­ы­мы­ның «Игі­лік­ке ар­нал­ған жа­сан­ды ин­тел­лект» ба­ста­ма­сы­ның ат­қа­ру­шы ке­ңе­сі­нің тө­ра­ға­сы, Бі­рік­кен Араб Әмір­лік­те­рі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    әл-Ола­ма Омар
    Бі­рік­кен Араб Әмір­лік­те­рі­нің Жа­сан­ды ин­тел­лект, цифр­лық эко­но­ми­ка және қа­шық­тан жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған қо­сым­ша­лар мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік ми­ни­стрі, Бі­рік­кен Араб Әмір­лік­те­рі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Бри­зель Син­тия
    Рersonal Robots group MIT Media Lab ди­рек­то­ры, Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Деб­ба Ме­ру­ан
    Ха­ли­фа ғы­лым және тех­но­ло­ги­я­лар уни­вер­си­те­ті­нің про­фес­со­ры, Бі­рік­кен Араб Әмір­лік­те­рі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Дж. Грот Олаф
    Cambrian Futures негі­зін қа­ла­у­шы және бас ди­рек­то­ры, Берк­ли­де­гі Ка­ли­фор­ния уни­вер­си­те­ті­нің Haas School of business про­фес­со­ры, Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Ито Джой
    Чи­ба тех­но­ло­ги­я­лық ин­сти­ту­ты­ның пре­зи­ден­ті, Жа­по­ния (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Ким Пол
    Стэн­форд уни­вер­си­те­ті­нің Graduate School of Education тех­ни­ка­лық ди­рек­то­ры және де­кан­ның орын­ба­са­ры, Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Кхос­ла Пра­дип
    Сан-Ди­его­да­ғы Ка­ли­фор­ния уни­вер­си­те­ті­нің рек­то­ры, Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Ли Кай-Фу
    Sinovation Ventures, 01.​ai бас ди­рек­то­ры, Қы­тай Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Норвиг Пи­тер
    Стэн­форд уни­вер­си­те­ті­нің ғы­лы­ми қыз­мет­ке­рі, Google-де зерт­те­улер жө­нін­де­гі ди­рек­то­ры, Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Са­ди­рак Ни­ко­ля
    01 Edu және 01 Talent негі­зін бір­ле­сіп қа­ла­у­шы, Фран­ция (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Стир­линг Ричард
    Oxford Insights негі­зін бір­ле­сіп қа­ла­у­шы және бас ди­рек­то­ры, Ұлы­бри­та­ния (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Тай­сон Ло­ра
    Берк­ли­де­гі Ка­ли­фор­ния уни­вер­си­те­ті­нің Graduate School at the Haas School of business құр­мет­ті про­фес­со­ры, Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Ха­нин Алек­сандр
    Polynome Group негі­зін қа­ла­у­шы, Бі­рік­кен Араб Әмір­лік­те­рі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Хоп­к­рофт Джон
    есеп­теу жүй­е­ле­рі­нің тео­ри­я­сы са­ла­сын­да­ғы ға­лым, Тью­ринг сый­лы­ғы­ның ла­у­ре­а­ты, Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    Чжан Я-Цинь
    Ци­н­хуа уни­вер­си­те­ті­нің жа­нын­да­ғы Жа­сан­ды ин­тел­лект ин­ду­стри­я­сын зерт­теу ин­сти­ту­ты­ның негі­зін қа­ла­у­шы, Қы­тай Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
    __________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.