Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 20 наурыздағы № 21-90 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 20 наурыздағы № 21-90 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №181-19 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы
М. Разбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.