Ауданішілік және қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабының 4, 5–тармақтарына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан ауданы бойынша ауданішілік және қалалық қатынастардағы жолаушылар мен багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобиль тасымалдарына тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
1) Сарқан қаласы бойынша жол ақысының мөлшері-100 (жүз) теңге.
2) Сарқан қаласы - Алмалы ауылы- Бірлік ауылы бойынша жол ақысының мөлшері-120 (жүз жиырма) теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ғ. Маманбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.