Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қаңтар 2026 ж.

    Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Күші жойылды деп танылсын:

    1) Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7692 болып тіркелген);

    2) Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» әкімдіктің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 656 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 31 наурыздағы № 576 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9071 болып тіркелген).

    2. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi.

    Қостанай қаласының әкімі

    М. Жундубаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.