Индер ауданы Елтай ауылындағы кейбір көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер ауданы Елтай ауылындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Е.Дүйшім
Елтай ауылдық округі әкімінің
2017 жылғы «3» сәуірдегі
№ 14 шешіміне қосымша
Индер ауданы Елтай ауылындағы кейбір көшелерге берілген атаулар
1. №1 көшеге – «Маржан Енбаева» есімі;
2. №2 көшеге – «Дәулет Базарбаев» есімі;
3. №3 көшеге – «Мұқанғазы Сиранов» есімі;
4. №4 көшеге – «Мақажан Қабиұлы» есімі;
5. №5 көшеге – «Сырым Датұлы» есімі;
6. №6 көшеге – «Мұрат Мөңкеұлы» есімі;
7. №7 көшеге – «Исатай» есімі;
8. №8 көшеге – «Махамбет» есімі;
9. №9 көшеге – «Қазақстан» атауы;
10. №10 көшеге – «Жеңіс» атауы;
11. №11 көшеге – «Мұнайлы» атауы.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.