Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2025 ж.

    Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 40,0 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай «Freedom Telecom Operations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын (ТОБЖ) салу және пайдалану үшін 2045 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Шалқар ауданының әкімі

    Ж. Жидеханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.