Ақтөбе қаласы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қаңтар 2026 ж.

    Ақтөбе қаласы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.

    2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    А. Бекет

    Ақтөбе қаласы әкімдігінің

    2026 жылғы «_6_» __01__

    № _1_ қаулысына

    қосымша

    Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері

    Мекемелердің түрлері
    Қызмет алушылардың түрлері
    Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)
    Кі­ші тү­рі
    Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Жартылай стационар
    4 (төрт) са­ғат­тық бо­лу­мен ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған ба­ла­лар
    Ор­та­ша және ай­қын
    9790,68
    4 (төрт) са­ғат­тық бо­лу­мен ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған ба­ла­лар
    Ор­та­ша және ай­қын
    8925,99
    4 (төрт) са­ғат­тық бо­лу­мен пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық па­то­ло­ги­я­сы бар ба­ла­лар
    Ор­та­ша және ай­қын
    7392,57
    8 (се­гіз) са­ғат­тық бо­лу­мен пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық па­то­ло­ги­я­сы бар ба­ла­лар
    Ор­та­ша және ай­қын
    17409,20
    2.
    Уақытша болу
    бел­гі­лі бір тұр­ғы­лық­ты же­рі жоқ
    5801,90
    тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық құр­ба­ны (КММ)
    8309,96
    тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық құр­ба­ны (ҮЕҰ)
    6860,14
    адам са­уда­сы­ның құр­ба­ны
    8357,08
    3.
    Үй­де қыз­мет көр­се­ту
    1716,34
    4.
    Үй­де қыз­мет көр­се­ту (ҮЕҰ)
    2096,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.